Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының

сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес, Алматы облысы Райымбек ауданының мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер туралы хабарлайды.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай ауданның аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.

Сайлау комиссияларының өкілеттігінің мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстар болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2024 жылғы 12 тамыздан 27 тамызға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы  саяси партияның,  қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;

3) саяси партияны,  қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның  қызметкерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа ұсынылған барлық құжаттар қағаз форматта қол қойылған, мөрмен расталған және онда орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.  

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2024 жылғы              27 тамызға дейін дүйсенбіден жұмаға дейінгі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жүзеге асырылады, үзіліс сағ.13:00-ден 14:30-ға дейін.

 

 

Райымбек аудандық мәслихаты

Райымбек аудандық мәслихатының төрағасы – С. Мүсірбаев

Мәслихаттың орналасқан жері:  Нарынқол ауылы, Райымбек көшесі, 22 үй.

Жауапты тұлға –  Зординов Рашид Нариманұлы, № 204 каб., қалааралық телефон коды (872779), қызметтік ұялы телефондарының нөмірі: 2-20-05, 8-777-213-11-68, электрондық пошта мекенжайы – raimbek_maslihat94@mail.ru

 

 

Бос жұмыс орындары бар учаскелік сайлау учаскелерінің нөмірлері мен орналасқан жері

 

№

Сайлау учаске-сінің нөмірі

Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы

Сайлау учаскесінің мекенжайы

Комиссия мүшелерінің саны

 

Елді мекен

Көше

Үй

1

2

3

4

5

6

7

1

№768

Казыбек Шорманов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен

Текес ауылы

Б. Дембаев көшесі

14 үй

2

2

№772

Көксай орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен

Көкбел ауылы

Жамбыл көшесі  

3 үй

1

3

№777

 Шәлкөде орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы

Шәлкөде ауылы

Атагелдиев көшесі

1 үй

1

4

№784

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының Нарынқол шекара бөлімі

Нарынқол ауылы

 

 

2

 

Райымбек аудандық мәслихаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұсынымдарға 5.1-қосымша

 

Нысан

 

_____________________________________________________

(мәслихаттың толық атауы)

 

_________________________________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

 

_______________________________________________тұратын

                                                               (облыс,  Астана қ, Алматы қ, Шымкент қ,

 

_________________________________________________________

аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)

 

______________________________________________________

(ұялы телефондардың нөмірлері)

 

 

Өтініш

Мен,__________________________________________________________________________

    (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

 

______________________________________________________________________(саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы) ұсынылған Қазақстан Республикасының азаматы, №___________ учаскелік сайлау комиссиясының  жұмысына  қатысуға өз келісімімді беремін.  Сайлау органдарында жұмыс тәжірибем бар _______________________________________( иә, ___ жыл/ жоқ)

 

Өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығым жоқ.

Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.

Мен Парламент, мәслихат депутаты, әкім, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін.

Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығымның,  iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәніне сауалдар жіберу үшін менің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін.

 

2024  жылғы «____»____________                                        _________________________

(өтініш берушінің қолы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өмірбаяндық деректер:

 

Туған күні  19 _____ жылғы «____» _______________

Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН)_____________________________________________________

Ұлты* _______________________________

Партиядағы мүшелігі *_______________________________________________________________

Білімі   _____________________________________________________________________________

Мамандығы  _________________________________________________________________________

Жұмыс орны немесе кәсіп түрі __________________________________________________________

Атқаратын қызметі ____________________________________________________________________

Жеке куәліктің деректері _____________________________________________________________

                                            (куәлік нөмірі, қашан және кім берген)

               Комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметтерді қоса тіркеймін**.

 

Ескертпе:

*Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.

** Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

 

Өтінішке қосымша

 

Жақын туыстары  туралы мәліметтер __________________________________________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

 

р/б

Жақын туысқандарының тегі, аты, әкесінің аты

(болған кезде)

ескертпе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
12 августа 2024