АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА Райымбек аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына

 

АУДАНДЫҚ    МӘСЛИХАТТА

Райымбек аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы                   3-тармағына сәйкес, VIII сайланған Райымбек аудандық мәслихатының                                     кезекті сессиясы 2024 жылғы 7 тамыз күнгі сағат 11.00-де Нарынқол ауылында аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтетінін хабарлаймын.   

Аудандық мәслихаттың депутаттарын  тіркеу 2024 жылғы  7 тамыз күнгі  сағат 9.00-дан бастап мәслихатта жүргізіледі. «Депутат оқуы» сағат 9.30-да, мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстары сағат 10.00-де  өткізіледі.

           Сессия қарауына мына төмендегідей мәселе ұсынылады:

  1. Аудан әкімінің өз құзіреті шегінде, аудандық мәслихат депутаттары алдында өзіне жүктелген міндеттері мен іс-жоспарының орындалуы туралы есебі.

Баяндамашы: Дуйсенбаев Б.Ф. – аудан әкімі

 

  1. Келіп түсуіне байланысты басқа да мәселелер.

 

Сессия жұмысына ауылдық округтердің әкімдері, ауданның атқарушы, құқық

қорғау органдарының басшылары, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады. 

 

 

Аудандық мәслихат төрағасы                          С. Мусирбаев 

 

 

 

 

 

 

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА Райымбек аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына
Дата публикации
26 июля 2024