План работы

ІІ.2. Әлеуметтік-мәдени даму, құқық, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі тұрақты комиссиясы

 

І – тоқсан 2024 жыл

  1. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіне сәйкес міндеттерді

жүзеге асыруда ауданның «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы.

Хабарламашы:Берікбай Ж.Н. –      ауданның «Жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

  1. Аудан көлеміндегі тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі

жұмыстардың барысы туралы. 

Хабарламашы : Қоқымбаева Ж.О. – ауданның «Ішкә саясат бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

  1. Мәслихат сессиясында қаралатын «Райымбек аудандық мәслихатының

әлеуметтік-мәдени даму, құқық, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі тұрақты комиссиясының есепті баяндамасын» әзірлеу және оны талқылау.

         Баяндамашы: Арипова Г.Р.  – тұрақты комиссия төрағасы

 

ІІ – тоқсан 2024 жыл

  1. «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша

білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып  алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығының аудан көлемінде жүзеге асырылу барысы туралы.

         Хабарламашы: Умбеталиев С.Е. – «Алматы облысы білім басқармасының

Райымбек ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

  1. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіне сәйкес міндеттерді жүзеге асыруда «Алматы облысы бойынша Еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің филиалы Райымбек ауданы бойынша мансап орталығының атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы.

Баяндамашы: Ақылов Т.Ж. – «Алматы облысы бойынша Еңбек

мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің филиалы Райымбек ауданы бойынша мансап орталығының директоры

  1. Балалардың сабақтан тыс және жазғы кезеңдерде бос уақыттарын тиімді өткізу және балалар қылмысын азайту жөніндегі алдын алу шараларын ұйымдастыру туралы.

Хабарламашы: Умбеталиев С.Е. – «Алматы облысы білім басқармасының

Райымбек ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

 

ІІІ – тоқсан 2024 жыл        

  1. Қайнар ауылдық округі әкімінің өз құзіреті шегінде әскери міндеттілік

әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын қамтамасыз етудегі атқарған жұмыстары туралы. 

Хабарламашы: Садвакасов Н.А. –           Қайнар ауылдық округінің әкімі

 

  1. Шәлкөде ауылдық округі әкімінің өз құзіреті шегінде жергілікті өзін-

өзі басқару органдарымен өзара әс-қимылы туралы.

         Хабарламашы: Қуанышұлы Қ.   – Шәлкөде ауылдық округінің әкімі

 

  1. Аудандағы су құбырларының санитарлық-техникалық жағдайы

туралы.

         Хабарламашы: Абдукаимова Г.А. – Райымбек аудандық санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау

басқармасының басшысы 

 

ІV – тоқсан 2024 жыл

  1. Ауданның атқарушы органдарының жеке және заңды тұлғаларға

көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мен тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру, ақпараттық жүйелерді интеграциялау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы.

Хабарламашы: Саламат А.С. –       аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы

  1. Аудан елді мекендерінің бала бақшалармен қамтылуы және оны

жақсарту шаралары туралы.

         Хабарламашы: Умбеталиев С.Е. – «Алматы облысы білім басқармасының

Райымбек ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

  1. Тұрақты комиссияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
Дата публикации
07 июня 2024