Райымбек аудандық қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі
жұмыс тобының аудандық қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарды іріктеу бойынша конкурстың өткізілетіндігі туралы
ХАБАРЛАНДЫРУЫ
Райымбек ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы аудандық Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарды іріктеу бойынша конкурстың өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мынадай құжаттарды ұсынады:
1) кандидатураны жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.
Құжаттарды тапсыру мерзімі – осы хабарлама жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10 бабының 1 тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Райымбек ауданының Қоғамдық кеңесі мүшелігіне кандидаттар туралы ұсыныстарды және өтініштерді қабылдайтын мемлекеттік орган – Райымбек аудандық мәслихатының аппараты, пошта мекенжайы: Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы, Райымбек көшесі № 22, индекс 041419, электрондық поштаның мекенжайы – raimbek_maslihat94@mail.ru