План работы І квартал

«БЕКІТЕМІН»

                                                         Райымбек аудандық

мәслихат  төрағасы

          ____________С. Мүсірбаев

«03» қаңтар 2024 жыл

 

VIII сайланған Райымбек аудандық мәслихатының

және оның аппаратының 2024 жылғы I тоқсанға 

арналған  жұмыс жоспары

 

Р/с

Атқарылатын жұмыстар

Орындалу мерзімі

Жауапты лауазым тұлға, мәслихаттың тұрақты комиссия төрағалары мен аппарат қызметкерлері

1. Сессияда қаралатын мәселелер

1.

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі           № 319-III Қазақстан Республикасы Заңының аудан көлемінде орындалу барысы және алда тұрған міндеттер туралы.

наурыз

Сағатбекұлы Н. –  аудан әкімінің орынбасары

2.

Райымбек аудандық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, құқық, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

наурыз

Арипова Г.Р. – мәслихаттың тұрақты комиссия төрағасы,

 

2. Ұйымдастыру жұмыстары

1.

VIІІ сайланған аудандық мәслихаттың және оның аппаратының 2024 жылғы І-ші тоқсанның жұмыс жоспарын  мәслихат төрағасының бекітуіне ұсыну.

5 қаңтардан кешіктірмей 

Саретбаев Ғ.Б. – аппарат басшысы

2.

Кезекті сессияны өткізу жоспарын дайындау.

мерзімінде

Саретбаев Ғ.Б. – аппарат басшысы

3.

Кезекті сессия қарауына енгізілген ««Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Қазақстан Республикасы Заңының аудан көлемінде орындалу барысы және алда тұрған міндеттер туралы» мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Н. Сағатбекұлының баяндамасын алдыру, сауалдар даярлау, баяндама негізінде шешім жобасын даярлау, жарыссөзде сөйлеушілерді пысықтау, шақырылатындар тізімін келісу, мәслихат төрағасының өкімімен уақытша комиссия құру, жұмысты зерделеу.

ақпан-наурыз

Арипова Г.Р. – мәслихаттың тұрақты комиссия төрағасы,

Ташиев Р.А. – бөлім басшысы,    

Нусбалиева Б.Ж. – бас маман

4.

Кезекті сессия қарауына енгізілген «Райымбек аудандық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, құқық, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі» бойынша баяндама әзірлеу, шешім жобасын даярлау.

ақпан-наурыз

Арипова Г.Р. – мәслихаттың тұрақты комиссия төрағасы,

Нусбалиева Б.Ж. – бас маман

3. Тұрақты комиссиялармен атқарылатын жұмыстар

1.

Тұрақты комиссия отырыстарының өткізу уақыттарын комиссия төрағаларымен келісу, талқыланатын мәселелердің тыңғылықты даярлануын, мүдделі талқылануын ұйымдастыру,  өткізілген отырыстар хаттамаларын ресімдеу.

мерзімінде

тұрақты комиссия төрағалары,

жауапты мамандар

2.

Тұрақты комиссиялар қабылдаған қаулылардың орындалуын қамтамасыз ету.

тұрақты

тұрақты комиссия төрағалары,

жауапты мамандар

3.

Тұрақты комиссия қарауына енгізілген «Аудан көлемінде қыс мезгілінде республикалық және жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарын қардан тазарту жұмыстарының барысы туралы» мәселе бойынша ауданның «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің басшысы Б.М. Себдайровтың хабарламасын алдыру, тұрақты комиссия қарауына ұсыну, тиісті шаралар белгілеу.

қаңтар

Себдайров Б.М. – ауданның «Тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің басшысы,

Ташиев Р.А. – бөлім басшысы

 

 

4.

Тұрақты комиссия қарауына енгізілген «Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асырудағы Ұзақ батыр, Текес ауылдық округтері әкімдерінің атқарған жұмыстары туралы» мәселе бойынша хабарламаларын алдыру, қаулы жобасын даярлдау.

ақпан

Таубалдиев Н.Қ. – Текес ауылдық округінің әкімі 

 Қайратұлы Б. –  Ұзақ батыр ауылдық округінің әкімі

Ташиев Р.А. – бөлім басшысы

 

 

5.

Тұрақты комиссия қарауына енгізілген «Нарынқол ауылдық округі әкімінің өз құзіреті шегінде жер қатынастарын реттеуді  жүзеге асырудағы атқарған жұмыстары туралы» мәселе бойынша А.С. Шенебековтың хабарламасын алдыру, зерделеу, қаулы жобасын даярлау.

наурыз

Шенебеков А.С. – Нарынқол ауылдық округінің әкімі,

Ташиев Р.А. – бөлім басшысы

6.

Тұрақты комиссия қарауына енгізілген          «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіне сәйкес міндеттерді жүзеге асыруда ауданның «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы» мәселе бойынша Ж.Н. Берікбайдың хабарламасын алдыру, жұмысын зерделеу, қаулы жобасын даярлау.   

қаңтар

Арипова Г.Р. – тұрақты комиссия төрағасы,

Нусбалиева Б.Ж. – бас маман

7.

Тұрақты комиссия қарауына енгізілген «Аудан көлеміндегі тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмыстардың барысы туралы» мәселе бойынша Ж.О. Қоқымбаеваның хабарламасын алдыру, қаулы жобасын әзірлеу.

ақпан

Қоқымбаева Ж.О. – ауданның «Ішкә саясат бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы,

Арипова Г.Р. – тұрақты комиссия төрағасы,

Нусбалиева Б.Ж. – бас маман  

8.

Мәслихат сессиясында қаралатын «Райымбек аудандық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, құқық, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі тұрақты комиссиясының есепті баяндамасын» әзірлеу және оны талқылау.

наурыз

Арипова Г.Р. – тұрақты комиссия төрағасы,

Нусбалиева Б.Ж. – бас маман  

4. Депутаттарды құқықтық оқыту

1.

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы          20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексін» түсіндіру.

наурыз

Берікбай Ж.Н. – ауданның «Жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы,

Зординов Р.Н. – аудандық мәслихат аппаратының бас маман-заңгері

      5. Райымбек аудандық мәслихатының депутаттарымен жүргізілетін жұмыстар

1.

Депутаттардың сайлаушыларды қабылдауын ұйымдастыру.

бекітілген кестеге сәйкес айына бір рет

Ташиев Р.А. – бөлім басшысы,

жауапты мамандар

2.

Депутаттардың мәслихаттағы және өз өкілеттігін жүзеге асырудағы, қоғамдық өмірдегі   атқарған жұмыстары жайлы аудандық «Хантәңірі» газетінде «Депутат мінбері» айдарымен  және әлеуметтік желілерде, мәслихаттың ресми сайтында жүйелі түрде мақалалар жариялап отыру.

бекітілген кестеге сәйкес

Зординов Р.Н. – бас маман-заңгер

       

         6. Райымбек аудандық әкімдігімен бірлесе атқарылатын жұмыстар

1.

Мәслихат сессияларында айтылған және  депутаттардың сайлауалды бағдарламаларында, сайлаушылар тарапынан айтылған ұсыныс – пікірлерді жүзеге асыру жөніндегі шаралардың орындалу барысын зерделеу, бақылау жасау.

тұрақты

Саретбаев Ғ.Б. – аппарат басшысы,

жауапты мамандар

2.

Сайлау комиссияларының құрамдарына  өзгерістер енгізу қажеттілігін зерделеу, ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру.

кезінде

Нусбалиева Б.Ж. – бас маман

3.

Аудан әкімі сессия қарауына ұсынған мәселелерді алдын – ала мәслихаттың тұрақты комиссияларында зерделеп, мәслихат қарауына ұсыну.

кезінде

Саретбаев Ғ.Б. – аппарат басшысы,

жауапты мамандар

7. Аппарат қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастыру

       

1.

Мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастырып, бағыттау, бақылау – басшылық жасау.

апта сайын аппарат мәжілісін өткізу жолымен

Саретбаев Ғ.Б. – аппарат басшысы

2.

Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамаларын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, аудандық мәслихаттың шешімдерінің орындалуын жүзеге асыруға ықпал ету.

тұрақты

Саретбаев Ғ.Б. – аппарат басшысы, жауапты мамандар

3.

Мәслихат пен оның органдарының жұмысын ұйымдық, материалдық – техникалық, құқықтық, ақпараттық – кеңес беру тұрғысынан қамтамасыз ету.

тұрақты

Саретбаев Ғ.Б. – аппарат басшысы, жауапты мамандар

4.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

тұрақты

Мусирбаев С.С. – мәслихат төрағасы,

Саретбаев Ғ.Б. – аппарат басшысы

5.

Азаматтардың хаттарын, шағымдары мен өтініштерін жан-жақты, әділ және дер кезінде қарауды ұйымдастыру, тиісті орындарға жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөнінде электронды есеп бағдарламасы бойынша мәліметтердің жіберілуіне басшылық жасау, азаматтарға өтініштерінің нәтижесі хабарлануын қадағалау.

тұрақты

Нусбалиева Б.Ж. – бас маман

6.

Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) сақтауын қамтамасыз ету.

тұрақты

Саретбаев Ғ.Б. – аппарат басшысы

7.

Мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді мәслихат регламентіне сәйкес әзірленуін ұйымдастыру, сессияларды өткізу жоспарларын дайындау.

кезінде

Саретбаев Ғ.Б. – аппарат басшысы

8.

Сессия материалдарының, мәслихат шешімдерінің аудандық «Хантәңірі» газетінде, мәслихаттың сайтында мерзімінде жариялануын қадағалау. 

кезінде

Ташиев Р.А. – бөлім басшысы, мамандар

9.

Аудандық мәслихаттың өткізілген сессиялары мен тұрақты комиссиялары хаттамаларын уақтылы ресімдеу, қабылданған шешімдер мен қаулы көшірмелерін тиісті органдар мен орындаушыларға мерзімінде жолдануын бақылау.

кезінде

Мәслихат аппараты

 

10.

Әділет органында мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілердің мерзімінде даярлап, жергілікті баспасөзде, веб-сайтта, Ашық порталда» жариялау және оларды тіркету.

кезінде

Зординов Р.Н. – бас маман - заңгер

 

11.

Депутаттар сауалдарының, ұсыныстары мен ескертпелерінің өз уақытында қаралуы мен жүзеге асуын қадағалау.

тұрақты

Саретбаев Ғ.Б. – аппарат басшысы, Ташиев Р.А. – бөлім басшысы, мамандар

12.

Мәслихаттың мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс – қимылын ұйымдастыру.

тұрақты

Саретбаев Ғ.Б. – аппарат басшысы

13.

«Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі мүліктердің сақталуын, күтіп ұсталуын, кеңсе ғимаратының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету.

тұрақты

Жапишева А.Н. – бас маман-бас есепші

14.

Құжат айналымын оңтайландыру үшін «Бұлттық электрондық құжат айналымы» (Doсumentolog) жүйесімен жұмыс істеуді ұйымдастыру.

тұрақты

Мәслихат аппараты

15.

Мемлекеттік органдардың интранет-порталымен (МО ИП) жұмыс істеуді ұйымдастыру.

тұрақты

Мәслихат аппараты

16.

Мемлекенттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасымен (МО ИРБП) жұмыс істеу.

тұрақты

Мәслихат аппараты

17.

«Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі бюджетінің мақсатты, өз мерзімінде игерілуін қамтамасыз ету.

тұрақты

Мусирбаев С.С. – мәслихат төрағасы, Жапишева А.Н. – бас маман-бас есепші

18.

«Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сатып алудың 2024 жылғы жоспарына сәйкес веб-портал арқылы жүйелі жұмыс атқару. 

тұрақты

жауапты тұлға

19.

Номенклатураға сәйкес іс – қағаздарының жүргізілуін қамтамасыз ету.

тұрақты

Нусбалиева Б.Ж. – бас маман, мамандар.

       

8. Кадрлармен жүргізілетін жұмысы

1.

Аудандық мәслихат депутаттары мен  аппарат қызметкерлерінің жеке іс құжаттарын жинақтап, толықтырулар енгізіп отыру.

тұрақты

Ташиев Р.А. – бөлім басшысы

2.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша басқармасына 2024 жылдың                   І тоқсанының қорытындысы бойынша тапсырылатын кадрлар есебі.

кезінде

Ташиев Р.А. – бөлім басшысы

3.

«Аппарат оқуын» өткізу.

бекітілген кестеге сәйкес

Ташиев Р.А. – бөлім басшысы,

Зординов Р.Н. – бас маман-заңгер

       

4.

«Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу.

тұрақты

Ташиев Р.А. – бөлім басшысы, мәслихат аппараты

9. «Қазақстан Мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Райымбек аудандық филиалы бойынша атқарылатын жұмыстар

1.

«Қазақстан Мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігімен және оның филиалдарымен іскерлік байланыс қалыптастыру.

тұрақты

Нусбалиева Б.Ж. – бас маман

2.

Бірлестік жұмыстары туралы салық декларациясын және статистикалық есептерін уақтылы тапсыру.

мерзімінде

Жапишева А.Н. – бас маман-бас есепші

3.

Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жылдық мерейтойын әзірлеу мен өткізудің шараларын ұйымдастыру.

I-тоқсан

2024 жыл

Мусирбаев С.С. – мәслихат төрағасы,

Саретбаев Ғ.Б. – аппарат басшысы

 

 

Аудандық мәслихаттың

аппарат басшысы                                  Ғ.Саретбаев

План работы І квартал
Дата публикации
24 мая 2024