Райымбек аудандық қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобынының мүшелерін іріктеу бойынша конкурстың өткізілетіндігі туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Райымбек аудандық қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі 

жұмыс тобынының мүшелерін іріктеу бойынша

конкурстың өткізілетіндігі туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

          Райымбек аудандық мәслихаты Райымбек ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобынының құрамына мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің өкілдері қатарынан және конкурс негізінде  коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар  қатарынан 5 мүшесін іріктеу бойынша конкурстың өткізілетіндігі туралы хабарлайды  

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1)  кандидатураны жұмыс тобы құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3)  сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4)  психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.

Құжаттарды тапсыру мерзімі – осы хабарлама жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде.

         Райымбек ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша  жұмыс тобына кандидатуралар туралы ұсыныстарды және өтініштерді қабылдайтын мемлекеттік орган – Райымбек аудандық мәслихатының аппараты, пошта мекенжайы: Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы, Райымбек көшесі № 22, индекс 041419, электрондық поштаның мекенжайы – raimbek_maslihat94@mail.ru

 

 

Райымбек аудандық қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобынының мүшелерін іріктеу бойынша конкурстың өткізілетіндігі туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Дата публикации
04 мая 2024