Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының жаңа құрамы қалыптасатыны туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының

сайлау комиссияларының жаңа құрамы қалыптасатыны туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Алматы облысы Райымбек ауданының мәслихаты аумақтық және 24 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.

Аумақтық сайлау комиссия жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай ауданның аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.

Сайлау комиссияларының өкілеттігінің мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстар болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылғы 9 желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы  саяси партияның,  қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;

3) саяси партияны,  қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін)тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай келуі тиіс.

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген,аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден кіші жүйе арқылы өткені туралы сертификаты  болуға тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның  қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға басшының қолы қойылуы, мөр басылуы және орындалған  күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.  

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы              9 желтоқсанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00 - 18:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағ.13:00-ден 14:00-ге дейін жүзеге асырылады.

 

 

Райымбек аудандық мәслихаты

 

Райымбек аудандық мәслихатының төрағасы – С. Мүсірбаев

Мәслихаттың орналасқан жері:  Нарынқол ауылы, Райымбек көшесі, 22 үй.

Жауапты адам –  Нүсібәлиева Ботагоз Жұмаханқызы, № 206 каб., қалааралық телефон коды (872779), қызметтік ұялы телефондарының нөмірі: 22038, 87058058382, электрондық пошта мекенжайы – raimbek_maslihat94@mail.ru

Аудандық мәслихат Райымбек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының  және 24 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:

Аумақтық сайлау комиссиясы Нарынқол ауылы, Райымбек көшесі, 22 үй.                        7 комиссия мүшесі.

Учаскелік сайлау комиссиялары – 24.

 

№

Сайлау учаске-сінің нөмірі

Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы

Сайлау учаскесінің мекенжайы

Комиссия мүшелерінің саны

 

Елді мекен

Көше

Үй

1

2

3

4

5

6

7

1

№762

Тельман Жанұзақов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен

 Нарынқол ауылы

Төле би көшесі 

44 үй

 7

2

№763

Бердібек Соқпақбаев  атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен

Нарынқол ауылы 

Ұзақ көшесі 

35 үй 

 7

3

№764

Ораз Жандосов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Қостөбе бастауыш мектебі

Нарынқол ауылы 

Абай көшесі 

100 үй 

 7

4

№765

Ораз Жандосов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Қостөбе бастауыш мектебі

Қостөбе ауылы

Орталық көшесі

 1 үй

5

5

№766

Сағат Әшімбаев  атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен

Жамбыл ауылы

Сыбанқұл көшесі

1 үй

7

6

№767

 Нұрбапа Өмірзақов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен

Қаратоған ауылы

Н. Өмірзақов көшесі

41 үй

5

7

№768

Казыбек Шорманов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен

Текес ауылы

Б. Дембаев көшесі

14 үй

7

8

№769

Жаңа Текес негізгі мектебі

Жаңа Текес ауылы

М. Әуезов көшесі  

25 үй

5

9

№770

 Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен

Тегістік ауылы

Биеке көшесі

18 үй

5

10

№771

Жамеңке орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен

Қақпақ ауылы

Жамеңке көшесі

17 үй

7

11

№772

Көксай орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен

Көкбел ауылы

Жамбыл көшесі  

3 үй

5

12

№773

 Қайнар ауылдық мәдениет үйі

Қайнар ауылы

Омар көшесі  

31 үй

7

13

№774

 Сарыжаз орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Ақбейіт бастауыш мектебі

Сарыжаз ауылы

Жапар көшесі  

20 үй

7

14

№775

Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі

Ақбейіт ауылы

Мұқанәлі көшесі  

1 үй

5

15

№776

 Көмірші орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен

Көмірші ауылы

Ахметуали көшесі

1 үй

5

16

№777

 Шәлкөде орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы

Шәлкөде ауылы

Атагелдиев көшесі

1 үй

5

17

№778

 Шоқан Уалиханов орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен

Талас ауылы

Мектеп көшесі

1 үй

5

18

№779

Қарасаз ауылдық мәдениет үйі

Қарасаз ауылы

Ә. Дөненбаев көшесі

10 үй

7

19

№780

 Тәліп Мұсақұлов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы

Тұзкөл ауылы

Сатылған көшесі

11 үй

5

20

№781

 Сұраншы Сауранбаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы

Сарыбастау ауылы

Нұрасыл көшесі

26 үй

7

21

№782

 Абай атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы

Сүмбе ауылы

М. Әуезов көшесі

42 үй

7

22

№783

 Көдек Байшығанұлы атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы

Қызылшекара ауылы

Бекдайыр көшесі

10 үй

5

23

№784

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының Нарынқол шекара бөлімі

Нарынқол ауылы

   

5

24

№785

 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментінің Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының Сүмбе шекара бөлімі

Сүмбе ауылы

   

5

 

Райымбек аудандық мәслихаты

 

 

Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының жаңа құрамы қалыптасатыны туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Дата публикации
09 ноября 2023