Райымбек аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру және өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Райымбек аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру және өзгерістер енгізу туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің назарына!

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Райымбек аудандық мәслихаты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамынан шығып қалған 1 (бір) мүшесінің орнына және  Райымбек аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі 11 округтік сайлау комиссияларының  құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.

Округтік сайлау комиссияларының құрамы бес мүшеден тұрады.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2022 жылғы                      29 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 12 қаңтарға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер; 

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы  саяси партияның,  қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің),  жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;

3) саяси партияны,  қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа ұсынылатын барлық қағаз нұсқадағы құжаттарда басшының қолы қойылған, мөрмен бекітілген және орындалу датасы, орындаушының фамилиясы, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.  

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылдың             12 қаңтарға дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағ.13:00-ден 14:30-ға дейін.

 Райымбек аудандық мәслихаты

Райымбек аудандық мәслихатының хатшысы –Г.Р. Арипова.

Мәслихаттың орналасқан жері:  Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы, Райымбек көшесі №22, аудан әкімдігінің ғимараты.

Жауапты тұлға –  Ботагоз Жұмаханқызы Нусибалиева, №206 кабинет, қалааралық телефонкоды (872779), қызметтік, ұялы телефондарының нөмірі: 2-20-38, 87058058382, электрондық пошта мекенжайы –raimbek_maslihat94@mail.ru.

Райымбек аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру және өзгерістер енгізу туралы хабарламасы 29.12.2022 жылы Райымбек аудандық мәслихатының және Райымбек ауданы әкімінің  ресми сайттарында жарияланды: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-raiymbek?lang=kk https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-raiymbek/documents/details/385764?directionId=8568

 

№ р/с
Сайлау комиссиясының орналасқан жері
 
Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны
 
1
2
3
Райымбек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
1.
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы, Райымбек көшесі №22, аудан әкімдігінің ғимараты
1

 

Райымбек аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиялары – 11

№ р/с
Сайлау округінің нөмірі
Сайлау комиссиясының орналасқан жері
Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны
1
№1
Нарынқол ауылы, Ұзақ көшесі №35, Бердібек Соқпақбаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен
(№763, №784 сайлау учаскелерінің шекараларында)
5
2
№2
Нарынқол ауылы, Төлеби көшесі №44, Тельман Жанұзақов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен
(№762, №764 сайлау учаскелерінің шекараларында)
5
3
№3
Жамбыл ауылы, Сыбанқұл көшесі №1, Сағат Әшімбаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен
(№766, №767, №765 сайлау учаскелерінің шекараларында)
5
4
№4
Текес ауылы, Дембаев көшесі №14, Қазыбек Шорманов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен
(№768, №769 сайлау учаскелерінің шекараларында)
5
5
№5
Қақпақ ауылы, Жәменке көшесі №17, Жаменке орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен
(№771, №770 сайлау учаскелерінің шекараларында)
 
5
6
№6
Қайнар ауылы, Омар көшесі № 31, Қайнар ауылдық   Мәдениет үйі
(№773, №772 сайлау учаскелерінің шекараларында)
5
7
№7
Сарыжаз ауылы, Жапар көшесі №20, Сарыжаз орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Ақбейіт бастауыш мектебімен
(№774 сайлау учаскесінің шекарасында)
5
8
№8
Шалкөде ауылы, Атагелдиев көшесі № 1, Шалкөде орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен
(№777, №778, №776 сайлау учаскелерінің шекараларында)
5
9
№9
Қарасаз ауылы, Ә. Дөненбаев көшесі №10, Қарасаз ауылдық Мәдениет үйі
(№779, №780, №775 сайлау учаскелерінің шекараларында)
5
10
№10
Сарыбастау ауылы, Нұрасыл көшесі №26, Сұраншы Сауранбаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен
(№781,783 сайлау учаскелерінің шекараларында)
5
11
№11
Сүмбе ауылы, М. Әуезов көшесі № 42, Абай атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен
(№782, №785 сайлау учаскелерінің шекараларында)
5
 
55
           

 

 

Райымбек аудандық  мәслихаты

 

 

 

 

Райымбек аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру және өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
29 декабря 2022