Алматы облысы Райымбек ауданы мәслихатының сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Алматы облысы Райымбек ауданы мәслихатының сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10- бабына сәйкес Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихаты №770 учаскелік сайлау комиссиясының құрамынан шығып қалған 1 (бір) мүшесінің, №783 учаскелік сайлау комиссиясының құрамынан шығып қалған 1 (бір) мүшесінің құрамына өзгерістер енгізу бойынша конкурс өткізілетіні  туралы хабарлайды.

         Әрбір саяси партия бос орны бар сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

         Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

         Саяси партиялардың ұсыныстары түспеген жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

         Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2022 жылғы                      14 желтоқсанынан бастап 28 желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

         1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысанда электронды және қағаз түрінде мәліметтер;

         2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;

         3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттарының көшірмесі;

         4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісім туралы өтініштері.

         Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттар сайлау комиссиясы жұмысына қатысуға келісім туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған.

         Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы  Конституция заңының талаптарына сай болуы тиіс.

         Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

         Осы Коснтитуциялық заңының 23-бабының 3-тармағында көзделген  сайлау учаскелері жағдайларын  қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйым жұмыскерлері болмауға тиіс.

         Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алынған балалары, ата-насы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері, сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы(зайыбы) кіре алмайды.

         Мәслихатқа ұсынылатын барлық қағаз нұсқадағы құжаттарда басшының қолы, мөрмен бекітілген және орындалу мерзімі, орындаушының фамилиясы, аты-жөні мен нөмері көрсетілген болуы тиіс.

         Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау                2022 жылғы 14 желтоқсаннан 27 желтоқсанға дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағ.09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс  сағ.13:00-ден 14:30-ға дейін.

Райымбек аудандық мәслихаты

Райымбек аудандық мәслихатының хатшысы  - Г. Р. Арипова

Мәслихаттың орналасқан жері: Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы, Райымбек көшесі 22 үй.

         Жауапты тұлға – Ботагөз Жұмаханқызы Нусибалиева, №206 каб. Қызметтік, ұялы телефондардың нөмері, 87277922038, 87058058382, электрондық пошта мекенжайы  - raimbek_maslihat94@mail.ru

 

  

 

№р/с. Сайлау учаскесінің нөмері Сайлау комиссиясының орналасқан жері Шығып қалған сайлау комиссиясының мүшелерінің саны
1 2 3 4
                                      Учаскелік сайлау комиссиялары - 2
1. №770  Тегістік ауылы, М. Мақатаев атындағы орта мектеп,  Биеке көшесі №18 үй 1
2. №783  Қызылшекара ауылы, К. Байшығанұлы атындағы орта мектеп, Бегдайыр №21 1

 

Алматы облысы Райымбек ауданы мәслихатының сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
14 декабря 2022