VII шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының
кезекті XXХІІІ сессиясының өткізу қорытындысы
10 тамыз 2022 жыл
Кезекті ХХХІІІ сессияның отырысына 12 депутаттың 8-і қатысты, бұл 66,7% - ды құрады.
Сессияның күн тәртібіне келесі мәселелер енгізіліп, қаралды:
- Аудан әкімінің өз құзіреті шегінде, аудандық мәслихат депутаттары алдында өзіне жүктелген міндеттері мен іс-жоспарының орындалуы туралы есебі.
- Аудандық мәслихаттың инновациялық даму, өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуникация, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауылшаруашылығы және жер қатынастарын реттеу, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының қызметі туралы есебі.
- Райымбек ауданы бойынша жер комиссиясының құрамын бекіту туралы.
Дауыс беру нәтижелері: «жақтау» мәселелері бойынша – 8 депутат, немесе 100%.
Аудандық мәслихат хатшысы Г. Арипова
орынд. НусбалиеваБ
Тел. 22038