VII шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының кезекті XXVІІ сессиясының өткізу қортындысы

VII шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының

   кезекті XXVІІ сессиясының өткізу қортындысы

26 сәуір 2022  жыл

Кезекті XXVІІ  сессияның отырысына 12 депутаттың 10-і қатысты, бұл 83,3% - ды құрады.

Сессияның күн тәртібіне келесі мәселелер енгізіліп, қаралды:

  1. Райымбек ауданының 2021 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есебін бекіту жайлы.
  2. Облыстық тексеру комиссиясының аудан бюджетінің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы баяндамасы.
  3. Облыстың даму жоспарының іске асырылуы туралы баяндамасы.
  4. Аудан бюджетінің атқарылуы туралы есеп бойынша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының қорытындысы бар баяндамасы.
  5. Райымбек ауданының ауылдық округтерінің 2021 жылғы бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерін бекіту жайлы.
  6. Райымбек аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 ақпандағы «Райымбек ауданының Ұзақ батыр ауылдық округіне қарасты Сарыбастау ауылын Нүсіпбек Әшімбаев ауылы деп өзгерту туралы» № 24 – 102 шешімін жою туралы.
  7. Райымбек аудандық мәслихатының 2022 жылғы 31 наурыздағы «Райымбек ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» № 26 – 116 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  8. Райымбек аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы «Райымбек ауданындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» № 3 – 20 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  9. Райымбек аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы

«Райымбек аудандық мәслихатының инновациялық даму, өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуникация, энергетика, отын ресурстары, ауылшаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамын сайлау туралы» № 1-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

  1. Мәслихат хатшысы Г.Р. Арипованы «АMANAT» партиясы атынан сайланған Райымбек аудандық мәслихат депутаттарының депутаттық фракциясы құрамынан шығару туралы.

Дауыс беру нәтижелері: «жақтау» мәселелері бойынша – 10 депутат, немесе 100%.

 

Аудандық мәслихат хатшысы                   Г. Арипова

 

орынд. НусбалиеваБ

Тел. 22038

VII шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының кезекті XXVІІ сессиясының өткізу қортындысы
Дата публикации
26 апреля 2022