Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Аудандық мәслихаттың құзыреті және қызметі

 6-бап. Мәслихаттардың құзыретi

  1. Мәслихаттардың құзыретiне:

      1) тиісті аумақтың даму жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың орындалуы туралы есептерді бекіту;

      2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын әкімнің ұсынуы бойынша бекіту;

      4) өздерiнің қарауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу;

      4-1) жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту;

      4-2) қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту;

      4-3) жасыл екпелердi жасау, күтiп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту;

      4-4) денсаулық сақтау ұйымдарын, оның ішінде қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін ұйымдарды дамыту мен олардың жұмыс істеуіне бағытталған іс-шараларды бекіту;

      4-5) өңірлік нышанды бекіту;                                                                 

      4-6) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін белгілеу;

      4-7) мемлекеттік инвестициялар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерді салу кезінде Қазақстанда шығарылған материалдарды, жабдықты, бұйымдар мен конструкцияларды қолдану бойынша талаптардың сақталуын мониторингтеу жөніндегі комиссиялар құру;

      5) әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешiмімен тиісті әкімдіктің дербес құрамын келісу;

      5-1) алып тасталды – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6) атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;

      6-1) алып тасталды – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      7) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      7-1) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін жасырын немесе ашық дауыс беру арқылы сайлау;

      8) алынып тасталды - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      9) жергілікті бюджеттің, аумақты дамыту бағдарламаларының атқарылуына бақылау жасау;

      9-1) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссияларының бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебін қарау;

      9-2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерін тексеру комиссиялары жұмыстарының жоспарына енгізу үшін астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссияларына ұсыныстар енгізу;

      10) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;

      10-1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      11) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      12) әкімнің ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімдік жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың дербес құрамын бекіту;

      12-1) әкімнің ұсынысы бойынша "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру;

      12-2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде әзірленген "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      12-3) астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдігі әзірлеп, ұсынған облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ережені бекіту;

      13) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;

      14) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу;

      14-1) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде неке және отбасы институтын нығайту, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік-экономикалық қолдау, анықтау және оларға жан-жақты қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі негізгі нысаналы индикаторларды бекіту;

      14-2) елді мекендерді санитариялық тазалау қағидаларын бекіту;

      14-3) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын көтермелеудің өзге де шараларын, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақы мөлшерін айқындау;

      14-4) абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша халықтың пікірін зерделеу, талдау және есепке алу;

      14-5) әкімнің халықпен кездесуі барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыру қорытындыларын қарау;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру;

      16) Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жатады.

  1. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының құзыретiне сонымен бiрге облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспары жобасын бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзу, әкiмшiлiк аудандардың аудандық жоспарлануы жобаларын, облыстық (облыс орталықтарынан басқа) және аудандық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын бекiту және медицина қызметкерлерін қоса алғанда, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын жекелеген азаматтар санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау жатады.

      2-1. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала мәслихатының құзыретіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерін бес жылға лауазымға тағайындау, сондай-ақ оларды лауазымнан босату жатады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-1-тармақты екінші бөлікпен толықтыру көзделген - ҚР  14.07.2026 № 350-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2-2. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарының құзыретiне жануарларды асырау қағидаларын, елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын, сондай-ақ бұзылғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық белгiленген өзге де қағидаларды бекiту жатады.

      2-3. Аудан (облыстық маңызы бар қала), республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының құзыретіне әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау, денсаулық сақтау саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларының және жеңілдіктердің, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға ең төмен кепілдік берілген көлемді айқындау қағидаларын бекіту жатады.

      2-4. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарының құзыретіне жануарлар асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жатады.

      2-5. Республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының құзыретіне жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерін құру туралы шешім қабылдау, олардың құрамын және жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы ережелерді бекіту жатады.

      2-6. Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының құзыретiне астанадағы, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту жатады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-7-тармақ ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізілді).

      2-7. Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының құзыретіне аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін және олардың атқарылуы туралы есепті бекіту жатады.

      2-8. Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының құзыретіне жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту жатады.

      2-9. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихаттарының құзыретіне тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау жатады.

      2-10. Республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттарының құзыретіне шетел азаматтары үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту жатады.

      2-11. Алып тасталды – ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (02.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2-12. Облыс мәслихатының құзыретіне аумағында жұмыс берушілер жалға берілетін тұрғынжайлар салуды жоспарлайтын ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тізімін бекіту жатады.

      2-13. Республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттарының құзыретіне арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушының қаражаты есебінен ұсынылатын арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемінен тыс ұсынудың тізбесі мен тәртібін бекіту жатады.

      2-14. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала мәслихатының құзыретіне тиісті аумақтың білім беруді дамыту жоспарын әкімнің ұсынуы бойынша бекіту жатады.

       2-15. Республикалық маңызы бар қалалар, астана мәслихаттарының құзыретіне:

      1) қолжетімді ортаны қамтамасыз ету қағидаларын бекіту жатады.

      2) алып тасталды – ҚР 09.01.2026 № 254-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2-16. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын бекітеді.

      2-17. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты сайланған әкімге атқаратын лауазымына сай емес деп тану түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы актінің көшірмесі келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде сайланған әкімнің өкілеттігін тоқтату не оның өз міндеттерін жүзеге асыруды жалғастыруы туралы мәселені қарайды.

      Сайланған әкімнің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты шешімінің көшірмесі тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жіберіледі.

      Аумақтық сайлау комиссиясы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімі негізінде сайланған әкімді өкілеттігінен айыру фактісін назарға алады.

  1. Аудандық мәслихаттардың құзыретіне сонымен бірге тиісті ауданның аумағында орналасқан қалалар, кенттер мен ауылдар салудың бас жоспарларын бекіту, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл әкімінің атқарылған жұмысы туралы есебін қарау және аудан әкіміне тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс әкімін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізу жатады.

      3-1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты облыстың тексеру комиссиясынан тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы мәселелері бойынша жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат сұратуға құқылы.

      3-2. Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдағаны (жалға алғаны) үшін жалға алу төлемақысының мөлшерлемесін келісу аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттарының құзыретіне жатады.

  1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының мәслихаттары тиiстi әкiмдіктердің ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының заңдарға сәйкес қарыз алу туралы шешiмдер қабылдауға құқылы.
  2. Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары коммуналдық қалдықтарды (тұрмыстық қатты қалдықтарды, кәріздік тазарту құрылысжайларының тұнбасын) көмгені, жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны (жыл сайын), орман пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлемақы мөлшерлемелерін бекітеді.
  3. Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте ядролық қондырғылар мен объектiлердi салуға келiсiм беру туралы мәселенi қарайды.

      6-1. Алматы қаласын қоспағанда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидаларын бекітеді.

Документы
Новости
Полезные материалы
Аудандық мәслихаттың құзыреті және қызметі
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы