
Мәслихат бірінші сессияда депутаттар қатарынан мәслихаттың қарауына жататын мәселелерді алдын ала қарау және дайындау, оның шешімдерін, заңдарды іс жүзіне асыруға жәрдемдесу, өз құзыреті шегінде функцияларды жүзеге асыру үшін өз өкілеттігінің мерзіміне тұрақты комиссияларды құрады. Мәслихат тұрақты комиссиялардың мүшелерін депутаттар қатарынан ашық дауыс беру арқылы сайлайды.
Тұрақты комиссиялардың қызметін ұйымдастыру, функциялары мен өкілеттіктері Заңда және осы Регламентте айқындалады.
Тұрақты комиссиялардың отырыстары қажеттілігіне қарай шақырылады және мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, құқықтық күші бар деп есептеледі.
Тұрақты комиссияның қаулысы комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.