GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Мәслихат туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Все материалы
23 октября 2026
Республика күні құтты болсын!

Құрметті Қонаев қаласының тұрғындары және қонақтары

 

Сіздерді ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Республика күні – еліміздің мемлекеттілік жолындағы тарихи маңызы зор, ел бірлігі мен тәуелсіздік құндылықтарын айшықтайтын ерекше мереке.

Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке және еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз. Еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығы нығайып, Қазақстанның болашағы жарқын болсын!

Республика күні құтты болсын!

 

13 октября 2026
Қонаев қаласы мәслихатының VIII шақырылымдағы қызметіне шолу

Кеше Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Осыған орай, Қонаев қаласы мәслихатының VIII шақырылым депутаттарының төрт жылдық қызметін қорытындылаймыз.
4 жылда 73 сессия өткізіліп, 246 шешім қабылданды, 145 депутаттық сауал жолданып, 100-ден астам азамат жеке қабылдауда болды.
Бұл көрсеткіштердің артында қаланың дамуына бағытталған ортақ еңбек, тұрғындардың мәселелерін көтеру және оларды шешуге атсалысу жұмыстары тұр.
VIII шақырылым депутаттарына атқарған еңбегі, белсенді азаматтық ұстанымы және Қонаев қаласының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.
Бірлескен жұмысқа қолдау көрсеткен мемлекеттік органдарға, әріптестерге және өз ұсыныстары мен өтініштерін сеніп жеткізген қала тұрғындарына ризашылығымызды білдіреміз.
VIII шақырылымның қызметі аяқталғанымен, атқарылған жұмыстар мен жинақталған тәжірибе қаланың одан әрі дамуына қызмет ете береді.

Тұрақты комиссиялар
VІII шақырылымның депутаттары
VIІI шақырылымдағы мәслихаттың сессиясы
10 октября 2026
Қонаев қаласының мәслихаты жұмыс жасауда
Бүгін, 10 қазанда, депутат А.Ракишеваның төрағалығымен онлайн форматта Қонаев қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы және кезектен тыс LХХІІІ сессиясы өтті.
 
Бірлескен отырыс барысында күн тәртібіне енгізілген мәселелер жан-жақты талқыланып, депутаттардың ұсыныстары мен пікірлері қаралды.
 
LХХІІІ кезектен тыс сессияның күн тәртібінде сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу, Қонаев қаласының бюджетіне өзгерістер енгізу, сондай-ақ қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының өз қызметі туралы есептері қаралды.
 
Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
 
Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзыреті шеңберінде мәселелерді зерделеу, талқылау және тиісті шешімдер қабылдауға ұсыныстар әзірлеу бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.
07 октября 2026
АҢДАТПА

Қонаев қаласы мәслихатының кезектен тыс LХХІІІсессиясы өтеді

Өтетін күні/уақыты: 2026 жылғы 10 қазан, сағат 12.00.

2026 жылғы 10 қазан, сағат 12.00-де Қонаев қаласы мәслихатының кезектен тыс LХХІІІ сессиясы өткізіледі.

Күн тәртібінде:

  1. Қонаев қаласы мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы «Қонаев қаласы сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» № 37-105 шешіміне өзгерістер енгізу туралы./ Баяндайтын: М. Жексембай – «Қонаев қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.
  2. Қонаев қаласы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы «Қонаев қаласының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» № 16-50 шешіміне өзгерістер енгізу туралы./ Баяндайтын: М. Жексембай – «Қонаев қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.
  3. Қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктері, этикасы, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы./ Баяндайтын: И.Игисенов – қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктері, этикасы, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссисыяның төрағасы.
  4. Қалалық мәслихаттың бюджет, қаржы және өңірдің экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы./ Баяндайтын: А.Ракишева – қалалық мәслихаттың бюджет, қаржы және өңірдің экономикалық даму мәселелері жөненідегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
  5. Қонаев қаласы мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы «Қонаев қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 56-188 шешіміне өзгерістер енгізу туралы./ Баяндайтын: Л. Келдібекова – «Қонаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
VІII шақырылымның депутаттары
VIІI шақырылымдағы мәслихаттың сессиясы
30 сентября 2026
Қонаев қаласы мәслихатының кезектен тыс сессия отырысы өтті
Бүгін, 30 қыркүйекте, депутат А.Ракишеваның төрағалығымен онлайн форматта Қонаев қаласы мәслихатының кезектен тыс LХХІІ сессиясы өтті.
 
Күн тәртібіне Қонаев қаласы және Шеңгелді ауылдық округінің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы сұрақтары шығарылды.
 
Сессия барысында депутаттар қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.
25 сентября 2026
АҢДАТПА

Қонаев қаласы мәслихатының кезектен тыс LХХІІ сессиясы өтеді

 Өтетін күні/уақыты: 2026 жылғы 30 қыркүйек, сағат 15.00

 2026 жылғы 30 қыркүйек, сағат 15.00-де Қонаев қаласы мәслихатының кезектен тыс LХХІІ сессиясы өткізіледі.

 Күн тәртібінде:

1. Қонаев қаласы мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы «Қонаев қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 56-188 шешіміне өзгерістер енгізу туралы./ Баяндайтын: Л. Келдібекова – «Қонаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

2. Қонаев қаласы мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы «Қонаев қаласы Шенгелді ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 56-189 шешіміне өзгерістер енгізу туралы./ Баяндайтын: Л. Келдібекова – «Қонаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

Тұрақты комиссиялар
VІII шақырылымның депутаттары
VIІI шақырылымдағы мәслихаттың сессиясы
25 сентября 2026
Қонаев қаласының мәслихаты жұмыс жасауда
Бүгін, 25 қыркүйекте, депутат А.Ракишеваның төрағалығымен Қонаев қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы және кезектен тыс LХХІ сессиясы өтті.
 
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қаланың әлеуметтік-экономикалық және коммуналдық салаларына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
 
Атап айтқанда, коммуналдық және әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындығы, қоғамдық көлікті дамыту, маршруттар мен тарифтер, жылжымалы құрамды жаңарту, шағын және орта бизнесті дамыту және кәсіпкерлік ахуалды жақсарту мәселелері талқыланды.
 
Сонымен қатар, қаладағы медициналық қызметтердің ұйымдастырылуы және алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігі туралы ақпарат тыңдалды.
 
Отырыста көтерілген мәселелер бойынша тиісті пікірлер мен ұсыныстар айтылып, депутаттар тарапынан сұрақтар қойылды.
Бірлескен отырыстан кейін Қонаев қаласы мәслихатының кезектен тыс LХХІ сессиясы өтіп, күн тәртібіне енгізілген екі мәселе қаралды: қалалық бюджет комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу және мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою туралы.
 
Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
25 сентября 2026
Алматы облысы Қонаев қаласы мәслихатының округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Алматы облысы Қонаев қаласының мәслихаты округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгеріс енгізетіні туралы хабарлайды.

Округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарында бос орындар қалыптасқан.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 10 қазанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер қосымша 4;

2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың округтік немесе учаскелік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 10 қазанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 08:00-17:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 12:30-дан 14:00-ге дейін жүзеге асырылады.

Қонаев қаласының мәслихаты

Қонаев қаласы мәслихатының төрағасының м.а. – А.Г. Ракишева.  

Мәслихаттың орналасқан жері: Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі, 13 үй.

Жауапты адам - Мейіргүл Жолдасбайқызы Аметова, № 311 каб., қалааралық телефон коды (872772), қызметтік, ұялы телефондарының нөмірі: 41283, 87084593713, электрондық пошта мекенжайы - qonaev.maslikhat@mail.ru.

Қалалық мәслихат округтік және учаскелік сайлау комиссияларындағы бос орындарға жаңа мүшелерді сайлайды:

№

Сайлау комиссиясының атауы

Сайлау комиссиясы орналасқан объектінің атауы

Сайлау комиссиясының орналасқан мекенжайы

Бос орындар саны

Округтік сайлау комиссиялары

1.      

№3 округтік сайлау комиссиясы


«Нұр-Бөбек» балабақшасы

Қонаев қаласы, Қойшыманова көшесі, №10 «А»

1

2.      

№4 округтік сайлау комиссиясы


Ы.Алтынсарин ат. №1 орта мектеп

Қонаев қаласы, Октябрьская көшесі, № 24

1

3.      

№7 округтік сайлау комиссиясы


Ахмет Жұбанов атындағы №5 орта мектеп

Қонаев қаласы, 5-шағынаудан

2

4.      

№10 округтік сайлау комиссиясы


Орта мектеп-лицей

Қонаев қаласы, Сары-арқа көшесі, 55А.

1

Учаскелік сайлау комиссиялары

1.      

№933 учаскелік сайлау комиссиясы

Ш.Уәлиханов атындағы №2 гимназия

Қонаев қаласы, 1-шағынаудан, №44

1

2.

№936 учаскелік сайлау комиссиясы


«Малыш» жекеменшік балабақшасы

Қонаев қаласы, 3-шағынаудан, №9

1

3.

№940 учаскелік сайлау комиссиясы


Ы.Алтынсарин атындағы №1 орта мектеп

Қонаев қаласы, Октябрь көшесі, №24

1

4.

№942 учаскелік сайлау комиссиясы


Қонаев қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі

Қонаев қаласы, Қонаев көшесі, №2

1

5.

№944 учаскелік сайлау комиссиясы


«АгроФуд» ЖШС құрамажем зауыты

Қонаев қаласы, Теміржол көшесі, №25Б

1

6.

№947 учаскелік сайлау комиссиясы

 

№61/1, орта мектеп-гимназия

 

Қонаев қаласы, 4-шағын аудан

1

7.

№949 учаскелік сайлау комиссиясы


Қонаев қаласының мәдениет үйі

Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі, №13

1

8.

№950 учаскелік сайлау комиссиясы


Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектебі

Қонаев қаласы, 4-шағынаудан

1

9.

№957 учаскелік сайлау комиссиясы


К.Жалайыри атындағы №6 орта мектеп

Шеңгелді ауылы, Мақатаев көшесі, №10

1

10.

№960 учаскелік сайлау комиссиясы

Қосқұдык ауылының №9 орта мектебі

Қосқұдык ауылы

2

12.

№964 учаскелік сайлау комиссиясы


№32363 әскери бөлімі

Қонаев қаласы, «Жұлдыз» шағынауданы

1

13.

№980 учаскелік сайлау комиссиясы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Алматы облысы полиция департаментінің
Қонаев қаласы полиция басқармасы мемлекеттік мекемесі

Қонаев қаласы, Қонаев көшесі, №14

2

14.

№1034 учаскелік сайлау комиссиясы

№54179 әскери бөлімі;

Шеңгелді ауылы

1

21 сентября 2026
АҢДАТПА

АҢДАТПА

Қонаев қаласы мәслихатының кезектен тыс LХХІ сессиясы өтеді

Өтетін күні/уақыты: 2026 жылғы 25 қыркүйек, сағат 11.00.

Өтетін орыны: Қонаев қаласы, 1-ықшамаудан, №28а, қалалық кітапхананың мәжіліс залы.

2026 жылғы 25 қыркүйек, сағат 11.00-де Қонаев қаласы мәслихатының кезектен тыс LХХІ сессиясы өткізіледі.

Күн тәртібінде:

  1. Қонаев қаласы мәслихатының 2025 жылғы 15 мамырдағы «Қонаев қаласы бюджет комиссиясының құрамын бекіту туралы» № 45-154 шешіміне өзгерістер енгізу туралы./ Баяндайтын: Л. Келдібекова – «Қонаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
  2. Қонаев қаласы мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы./ Баяндайтын: М. Жексембай – «Қонаев қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.
15 сентября 2026
Қонаев қаласы тұрғындарының назарына

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабының 4) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларының 1-тарауының 3-тармағына сәйкес, Қонаев қаласы мәслихатының бюджет, қаржы және өңірдің экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы 2026 жылғы 16 қазанда сағат 11.00-де, Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі, №13 мекенжайында орналасқан Мәдениет үйінде келесі сұрақ бойынша көпшілік тыңдау өткізеді:

  1. Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі нысанның тізбесін айқындау туралы.

Осыған орай, қала тұрғындарын аталған көпшілік тыңдау жұмысына белсенді түрде қатысуларын сұраймыз.

Анықтама телефондары:

"Қонаев қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс телефоны: 8 /72772/ 41283.

Қонаев қаласының мәслихаты

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы