Абай - ұлы ақын, композитор, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
Әрбір қазақстандық бала кезінен оның өлеңдерін, аудармаларын, поэмалары мен «Қара сөздерін» жаттап өседі. Ол өз шығармаларында еңбекке, білімге, рухани дамуға шақырған.
«Тек ақыл, ғылым, ерік, ар-ұждан адамды көтереді» - Абайдың осы және басқа да сөздері қанатты сөздерге айналды.
Абай шығармашылығы көп қырлы, халқына, жеріне деген шексіз сүйіспеншілікке толы.
Абай дана, Абай дара қазақта!
Абай күні құтты болсын!