1961 жылы 24 мамырда Алматы облысы Ұйғыр ауданының Үлкен-Дихан ауылында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік және Алматы гуманитарлы-техникалық университеттерінде оқып, тарихшы, тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы мамандығына және кәсіптік оқыту бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесіне ие болды. Еңбек жолын 1978 жылы «Октябрь» колхозында жұмысшы болып бастады. Қазіргі уақытта Шеңгелді ауылындағы Қ.Жалайыр ат. №6 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі. Қонаев қаласы мәслихатының VIІI шақырылымының депутаты. Өзін-өзі ұсынған.
Шеңгелді, Кербұлақ, Сарыбұлақ, Ақөзек ауылдары, Қосқұдық станциясы, Тасқұм, Құлантөбе, Бөктер разъездері.