1970 жылы 21 маусымда Астана қаласында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медициналық институтында оқып, дәрігер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласында Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығында акушер-гинеколог болып бастады. Қазіргі уақытта Қонаев қаласының көпсалалы қалалық ауруханасының бас дәрігері. Қонаев қаласы мәслихатының VІII шақырылымының депутаты. "AMANAT" партиясынан ұсынылған.
Сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары:
Қонаев қаласындағы білім беру, денсаулық сақтау және спорт мәселелеріндегі өзекті іс-шаралардың шешімін табуға атсалысамын;
Депутат және дәрігер ретінде, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ары қарайда үлесімді қоса беремін;
Қонаев қаласының тұрғындарын жұмысқа орналастыруға қолдау көрсетемін;
Білім беру, денсаулық сақтау және спорт саласындағы жас мамандардың тұрғын үй мәселелерін шешу бойынша өзекті сұрақтарын көтеремін;
Өз округімдегі көшелерді, аулаларды абаттандыруға, жарықтандыруға үлесімді қосамын;
Коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелерді шешу үшін, Қонаев қаласында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға белсене атсалысамын;
Қонаев қаласында сыбайлас жемқорлықпен күресу, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша сұрақтарды күн тәртібінде бірінші орынға қоямын;
Қонаев қаласындағы мемлекеттік бағдарламалар аясында мемлекеттен бөлінген қаржының тиімді жұмсалуына атсалысамын.