Бүгін, 15 қарашада Қазақстанда Ұлттық валюта күні атап өтілуде. Теңгеге 29 жыл толды.
1993 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңгенің айналымға енгізілген күні.
Жаңа валютаның атауы символдық және тарихи мәнін бейнелейтін болып таңдалды. "Теңге" сөзі ортағасырлық "денге" немесе "таньга" түркі күміс монеталарынан шыққан, олардан өз кезегінде орыс "денге" монетасының атауы және "танга" сөзінің өзі шыққан. Валютаның кішігірім номиналы "тиын" деп аталды.
Теңгенің дизайнын дайындау Т.Сүлейменовтың басшылығындағы авторлық ұжымға тапсырылды. Қазақстанның әр түрлі мәдениет, ғылым және саясат салаларындағы ірі қайраткерлерінің портреттерін ұлттық ою-өрнекпен ұштастыра отырып, ал сырт жағында Қазақстанның сәулет ескерткіштері мен көркем көріністерін қою туралы шешім қабылданды.
Ұлттық валютаның алғашқы купюралары Ұлыбританияда, ал алғашқы монеталар Германияда шығарылды. 1995 жылдан бастап Қазақстанда өзіміздің Банкнот фабрикамыз жұмыс істей бастады. Теңге бірнеше рет дизайн және қорғау дәрежесі бойынша әлемдегі ең үздік валюта деп танылды.