2025 жылға арналған Қонаев қаласы мәслихатының
жұмыс жоспары
|
Р/с № |
Іс-шаралардың атауы |
Орындалу мерзімі |
Орындалуға жауаптылар |
|
1. Сайлаушылармен және қоғаммен байланыс |
|||
|
1. |
Жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау
|
Бекітілген график бойынша ай сайын |
Мәслихат депутаттары |
|
2. |
Депутаттардың қала, ауылдық округтері әкімдерінің есеп беру кездесулеріне қатысу |
Жыл бойы |
Мәслихат депутаттары |
|
3. |
Мәслихаттың жұмысын сайтта, қаланың БАҚ-да және әлеуметтік желілерде жариялау |
Тұрақты |
Мәслихат аппараты |
|
4. |
Депутаттардың өз округтеріндегі сайлаушылармен кездесуі |
Кемінде жылына бір рет |
Мәслихат депутаттары |
|
2. Мәслихат жұмысының ұйымдастырушылық мәселелері |
|||
|
1. |
Мәслихат депутаттарының біліктілігін көтеру мақсатында ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының филиалына курсқа жіберу |
ақпан-наурыз айлары |
мәслихат аппараты |
|
2. |
Қалада өткізілетін іс-шараларға қатысу |
Тұрақты |
Мәслихат депутаттары |
|
3. Қалалық мәслихаттың кезекті сессияларында қаралатын сұрақтар |
|||
|
1. |
«2025-2027 жылдарға арналған Қонаев қаласының бюджетін бекіту туралы» қалалық мәслихаттың шешіміне өзгертулер енгізу туралы |
Қажеттілік бойынша |
Қала әкімінің орынбасары, экономика және қаржы бөлімі |
|
2. |
«2025-2027 жылдарға арналған Шеңгелді ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» қалалық мәслихаттың шешіміне өзгертулер енгізу туралы |
Қажеттілік бойынша |
Шеңгелді ауылдық округінің әкімі, экономика және қаржы бөлімі |
|
3. |
2024 жылдың қорытындысы бойынша қалалық мәслихаттың атқарған жұмысы туралы Қонаев қаласы мәслихаты төрағасының есебі |
17 қаңтарға дейін |
Мәслихат төрағасы, мәслихат аппараты |
|
4. |
Қонаев қаласының және Шеңгелді ауылдық округінің 2024 жылғы бюджеттерінің орындалуы туралы есебі |
25 сәуірге дейін |
Қала әкімінің орынбасары, экономика және қаржы бөлімі, Шеңгелді ауылдық округінің әкімі, қалалық мәслихаттың бюджет, қаржы және өңірдің экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы |
|
5. |
Қонаев қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі |
шілде |
Қала әкімінің аппараты, мәслихат аппараты |
|
6. |
Тұрақты комиссиялардың қызметі туралы есептер |
қараша |
Тұрақты комиссиялардың төрағалары, мәслихат аппараты |
|
7. |
Қонаев қаласының кешенді даму жоспарының іс-шараларының орындалуы туралы |
Қараша |
Қала әкімінің орынбасары, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері |
|
8. |
2026 жылға арналған қалалық мәслихат жұмысының перспективалық жоспарын бекіту туралы |
желтоқсан |
Мәслихат аппараты |
|
9. |
2026-2028 жылдарға арналған Қонаев қаласының бюджетін бекіту туралы |
желтоқсан |
Қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасары, экономика және қаржы бөлімі |
|
10. |
2026-2028 жылдарға арналған Шеңгелді ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы |
желтоқсан |
Қала әкімінің орынбасары, экономика және қаржы бөлімі, Шеңгелді ауылдық округінің әкімі |
|
4. Тұрақты комиссиялардың жұмысы |
|||
|
4.1. Бюджет, қаржы және өңірдің экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
|||
|
1. |
Ауылдық округтерде суармалы егіншіліктің жай-күйі және оны дамыту жөніндегі шаралар туралы |
Ақпаан |
Қала әкімінің орынбасары, қалалық ауылшаруашылығы бөлімі |
|
2. |
Қала және ауылдық округтер аумағының абаттандырылуы, көгалдануы және санитариялық жағдайы және оларды жақсарту бойынша шаралары туралы
|
Наурыз
|
Қала әкімінің орынбасары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі |
|
3. |
Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу және қалалық полигонның қазіргі жағдайы |
Наурыз
|
Қала әкімінің орынбасары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі |
|
4. |
Жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) және тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін бөлу, қаланың бас жоспарында бос жерлердің болуы, дизайн-кодтың сақталуы, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу мәселелері |
Сәуір |
Қала әкімінің орынбасары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, жер қатынастары бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімі, құрылыс бөлімі |
|
5. |
Жаз мезгіліндегі шомылу маусымына қалалық құтқару қызметтерінің және жергілікті атқарушы органдардың дайындығы туралы. |
Мамыр |
Қала әкімінің орынбасары, Алматы облысы бойынша суда құтқару қызметінің Қонаев қалалық бөлімшесі |
|
6. |
Жылыту маусымына дайындық барысы туралы
|
Қыркүйек |
Қала әкімінің орынбасары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі |
|
7. |
Қонаев қаласында жұмыс істейтін көпқабатты тұрғын үйлерді басқарушы ұйымдардың қызметі
|
Қазан |
Қала әкімінің орынбасары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі |
|
8. |
Қонаев қаласындағы ветеринариялық қызметтің жұмысы туралы |
Қараша
|
Қала әкімінің орынбасары, қалалық ветеринариялық бөлім |
|
4.2. Әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктері, этикасы, құқықтық тәртіп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
|||
|
1. |
Қонаев қаласының аумағында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы |
Қаңтар |
Қала әкімінің орынбасары, қалалық ішкі саясат бөлімі |
|
2. |
Қонаев қаласы аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және пайдалану, оның ішінде «Тамғалы Тас» қорық мұражайының туристтік бағыттағы дамуы |
Сәуір |
Қала әкімінің орынбасары, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімі, қалалық кәсіпкерлік бөлімі |
|
3. |
2025 жылғы жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, оларды сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру туралы |
25 мамырға дейін |
Қала әкімінің орынбасары, қалалық білім бөлімі |
|
4. |
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша атқарушы органдардың қызметі туралы |
Маусым |
Қала әкімінің орынбасары, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
|
5. |
Қонаев қаласы және Шеңгелді ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторларының қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмысы туралы |
Тамыз |
Қалалық полиция басқармасы |
|
6. |
Қалалық инфрақұрылым объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жетілдіру |
Қазан |
Қала әкімінің орынбасары, қалалық ТЖ басқармасы |
|
Көшпелі іс-шаралар |
|||
|
1 |
Қала және ауылдық округтерде салынып жатқан нысандарға шығу
|
Жыл ішінде |
Қала әкімінің орынбасарлары, жауапты бөлімдер |