Қонаев қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктері, этикасы, құқықтық тәртіп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауының
33 ХАТТАМАСЫ
|
Қонаев қаласы |
|
«19» қыркүйек 2024 жыл |
Отырыс төрағасы – Игисенов Иманғали Рақымбердіұлы, қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктері, этикасы, құқықтық тәртіп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
Хатшы – Қазбекова Ұлбосын Құлпыбайқызы, «Қонаев қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.
Қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктері, этикасы, құқықтық тәртіп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауына қалалық мәслихаттың депутаттары, қалалық әкімшілік өкілдері, қала ақсақалдары кеңесінің мүшелері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қала тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібі:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Б.Шәйкеноваға берілді, өз сөзінде ол биыл елімізде әйгілі қазақ жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы кеңінен тойлануда екендігін хабарлады. Осыған орай Б.Шәйкенова Қонаев қаласының орталық саябағына Соқпақбаев Бердібек Ыдырысұлының есімін беруді ұсынып, қалалық мәслихаттың депутаттарын осы ұсынысты қолдауын сұрады.
Күн тәртібін қарау қорытындысы бойынша тұрақты комиссия төрағасы И. Игисенов қатысушыларды төмендегі сұрақ бойынша дауыс беруді ұсынды:
Шешім бірауыздан қабылданды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №211 бұйрығының 2-тарауының 6-тармағына сәйкес, осы көпшілік тыңдаудың Хаттамасын қалалық мәслихаттың және әкімдіктің интернет-ресурстарында және «Нұрлы өлке» газетінде жеті жұмыс күні ішінде жариялау қажет.
Қонаев қаласының орталық саябағына Соқпақбаев Бердібек Ыдырысұлының есімін беру туралы сұрақ қалалық мәслихат сессиясының қарауына шығарылсын.
Төраға И. Игисенов
Хатшы Ұ. Қазбекова