Қонаев қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктері, этикасы, құқықтық тәртіп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауының №25 ХАТТАМАСЫ

Қонаев қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктері, этикасы, құқықтық тәртіп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауының

№25 ХАТТАМАСЫ

 Қонаев қаласы                                                                                                       «30» сәуір 2024 жыл 

Отырыс төрағасы – Ракишева Айман Ғалымжанқызы, қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктері, этикасы, құқықтық тәртіп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

Хатшы –  Аметова Мейіргүл Жолдасбайқызы, «Қонаев қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.

 Қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктері, этикасы, құқықтық тәртіп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауына қалалық мәслихаттың депутаттары, қалалық әкімшілік өкілдері, қала ақсақалдары кеңесінің мүшелері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері,  қала тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.                                       

Күн тәртібі:

  1. Қонаев қаласының 18 және 19 ықшам аудандарындағы Центральная, 18 ықшам ауданындағы Фрунзе көшелерін қайта атау туралы.

          Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Б.Шәйкеноваға берілді, өз сөзінде ол биыл елімізде әйгілі қазақ жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың, Тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағанбетовтың 100 жылдықтары кеңінен тойлануда екендігін хабарлады. Осыған орай Б.Шәйкенова 18 және 19 ықшам аудандарындағы Центральная көшесіне Бердібек Соқпақбаевтың есімін, ал 18 ықшам ауданындағы Фрунзе көшесіне Сағадат Нұрмағанбетовтың есімін беруді  ұсынып, қалалық мәслихаттың депутаттарын осы ұсынысты қолдауын сұрады.

  Отырыс барысында қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің өкілі ҚР заңнамасына сәйкес барлық қажетті рәсімдер бойынша түсініктемелер берді, оның ішінде жаңа атаулардың "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінің деректер қорына енгізілуі туралы.

         Күн тәртібін қарау қорытындысы бойынша тұрақты комиссия төрағасы А.Ракишева  қатысушыларды төмендегі сұрақтар бойынша дауыс беруді ұсынды:

  1. Қонаев қаласының 18 және 19 ықшам аудандарындағы «Центральная» көшесін «Бердібек Соқпақбаев» көшесі деп қайта атау.
  2. Қонаев қаласының 18 ықшам ауданындағы «Фрунзе» көшесін «Сағадат Нұрмағанбетов» көшесі деп қайта атау.

         Шешім бірауыздан қабылданды.

 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" №211 бұйрығының 2 тарауының 6 тармағына сәйкес, осы көпшілік тыңдаудың Хаттамасын қалалық мәслихаттың және әкімдіктің интернет-ресурстарында және «Нұрлы өлке» газетінде жеті жұмыс күні ішінде жариялау қажет.

Центральная және Фрунзе көшелерін қайта атау туралы сұрағы қалалық мәслихат сессиясының қарауына шығарылсын

Төраға                                                                                               А. Ракишева

 Хатшы                                                                                              М. Аметова

 

Дата публикации
02 мая 2024