Қонаев қаласының мәслихат
төрағасының 2023 жылғы қалалық
мәслихаттың қызметі туралы есебі
Қалалық мәслихат төрағасы С. Нұржановтың Қонаев қаласы мәслихатының қызметі туралы есебін тыңдап және талқылай келе, маслихат сессиясы Қонаев қаласы мәслихатының қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, мәслихат регламентіне, оның жұмысының перспективалық және ағымдағы жоспарларына сәйкес жүзеге асырылғанын атап өтті.
2023 жылдың наурыз айынан бері өткізілген қалалық мәслихаттың 17 сессиясында 53 мәселе қаралды.
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес құқықтық нормаларды белгілейтін мәслихаттың 4 шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтті.
Есепті кезеңде тұрақты комиссиялардың 16 отырысы өткізіліп, онда 26 мәселе қаралды. Оларды қарау қорытындысы бойынша қаулылар қабылданып, орындаушыларға тиісті ұсыныстар берілді.
Депутаттық корпус қаланың жергілікті атқарушы органдарымен тығыз байланыс орнатты, соның нәтижесінде іскерлік және сындарлы ынтымақтастық қалыптасты, бұл өзара хабардарлықты жақсартуға, бар проблемаларды шешу жолдарын табуға ықпал етеді.
Мәслихат депутаттарынвң азаматтарды қабылдауы үнемі жүргізіліп, оның кестесі қалалық мәслихаттың сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланған.
Депутаттардың атына жазбаша өтініштер келіп түседі. Олар тиісті қалалық қызметтер мен мемлекеттік органдар басшыларымен тығыз өзара іс-қимыл арқылы шешіліп отырады.
Қалалық мәслихат депутаттары қалада өткізілетін барлық қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен қайырымдылық акцияларының белсенді қатысушылары.
Депутаттық корпустың сессияларды, тұрақты комиссиялар отырыстарын өткізуі, депутаттардың қызметі туралы ақпарат жергілікті баспасөз беттерінде, қалалық мәслихаттың веб-сайты мен әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланған.
Қалалық өкілді органның қызметі ашықтық режимінде жүргізіледі. Жұмысқа атқарушы билік басшылары ғана емес, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің, қалалық Қоғамдық кеңес пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де үнемі қатысады.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қонаев қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- мәслихат төрағасының есебі бойынша барлық ұсыныстарды қорытындылап, тиісті шаралар қабылдау;
- қалалық мәслихаттың перспективалық жұмыс жоспарын орындау бойынша жұмысты жалғастыру;
- сессиялар шешімдерінің және тұрақты комиссиялар қаулыларының орындалуына тұрақты талдау жүргізу тапсырылсын.
Қонаев қаласы
мәслихатының төрағасы С. Нұржанов