Қонаев қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы «Қонаев қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамын бекіту туралы» №1-4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес Қонаев қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктері, этикасы, құқықтық тәртіп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы».
Тұрақты комиссия құрамына №8 сайлау округінің депутаты – Ибраев Алтынбек Еркінбекұлы енгізілсін.
Комиссия құрамы төмендегі жаңа редакцияда баяндалсын:
Комиссия төрағасы
Ракишева Айман Ғалымжанқызы - №3 сайлау округінің депутаты;
Комиссия мүшелері:
1)Ахметтаев Қайрат Нұраханұлы - №7 сайлау округінің депутаты;
2)Ибраев Алтынбек Еркінбекұлы – №8 сайлау округінің депутаты.
3)Салықова Лязят Иманғалиқызы - №4 сайлау округінің депутаты.
Қонаев қаласы
мәслихатының төрағасы С. Нұржанов