№20-75 Қонаев қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы «Қонаев қаласы мәслихатының бюджет, қаржы және өңірдің экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамын бекіту туралы» №1-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қонаев қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы «Қонаев қаласы мәслихатының бюджет, қаржы және өңірдің экономикалық

даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамын бекіту туралы» №1-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару                     және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес Қонаев қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

  1. Қонаев қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы «Қонаев қаласы мәслихатының бюджет, қаржы және өңірдің экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамын бекіту туралы» № 1-3 шешіміне төмендегі өзгерістер енгізілсін:

тұрақты комиссия құрамынан Мухамедьяров Самат Тулеуханұлы, Ибраев Алтынбек Еркінбекұлы шығарылсын;

тұрақты комиссия құрамына №6 сайлау округінің депутаты - Джарлаев Рустам Имамұлы, №2 сайлау округінің депутаты – Қамбарова Алмагүл Төлеуханқызы енгізілсін.

Комиссия құрамы төмендегі жаңа редакцияда жазылсын:

Комиссия төрағасы

Джарлаев Рустам Имамұлы - №7 сайлау округунің депутаты

Комиссия мүшелері:

  • Игисенов Иманғали Рақымбердыұлы - №12 сайлау округінің депутаты.
  • Исқанова Гүлжан Батырбекқызы - №9 сайлау округінің депутаты;
  • Қамбарова Алмагүл Төлеуханқызы – №2 сайлау округінің депутаты;
  1. Осы шешім қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қонаев қаласы

мәслихатының төрағасы                                                                   С. Нұржанов

Дата публикации
25 марта 2024