№20-74 Қонаев қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы «Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру туралы» №1-2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қонаев қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы «Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру туралы» №1-2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару                      және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес Қонаев қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

  1. Қонаев қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының саны үштен екіге қысқартылып, төмендегі редакцияда жазылсын:

1) Қалалық мәслихаттың бюджет, қаржы және өңірдің экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы;

2) Қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктері, этикасы, құқықтық тәртіп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы.

  1. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қонаев қаласы

мәслихатының төрағасы                                                               С. Нұржанов

 

Дата публикации
25 марта 2024