Қалалық өкілетті орган қызметінің тарихы
Тәуелсіз еліміздің алғашқы мәслихат сайлауы 1994 жылы 7-ші наурызда өткізіліп, әртүрлі деңгейдегі мәслихат органдары өмірге келді. Осы 25 жыл ішінде мүмкіндіктері мен біліктіліктері артқан жергілікті мәслихат корпусы - қоғамды одан әрі демократияландыруда, тұрғандар мен атқарушы билік арасындағы байланысты нығайтуда, халықтың әл-ауқатын арттыруда, экономикалық және саяси реформаларды жүргізуде үлкен белсенділік танытып келеді.
Тәуелсіздіқтің алғашқы жылдарындағы экономикалық қиындықтар кезінде қарапайым жұртшылық өкілдері өздері сайлаған депутаттарға үлкен жауапкершілік артып, көптеген жағдайда жеке бас мүддесін жиі жүктеді. «Жалақы қашан беріледі?», «Зейнетақы неге кешігіп жатыр?», «Жарық қашан болады?» деген өтініш-тілектер көп болды. Міне осы қысылтаяң сәтте халық қалаулылары мен атқарушы билік өкілдері ынтымақпен еңбек етіп, қордаланған түйінді мәселелерді бірлесіп шеше білді.
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы мәслихаттарының сайлауында Қапшағай калалық мәслихатына 25 депутат сайланды. Депутаттық корпустың құрамына төмендегі халық қалаулылары: А.Авдеев, А.Алибаев, Б.Альменбаев, Ф.Валеева, С.Вижунов, С.Волженин, Ю.Гулий, Т.Джанабаев, Н.Ефименко, М.Захаренко, Е.Исқақбаев, В.Ким, С.Қожабергенов, В.Ким, П.Кондрашов, Г.Локастов, Ә.Ойнаров, К.Рахимов, Р.Салимов, Г.Суворова, В.Трисеев, В.Федоров, Б.Хазиев, С.Хомутов, М.Чарахметов енді.
Бірінші шақырылған қалалық мәслихатының ұйымдастыру сессиясы 1994 жылғы 4 сәуірде өткізіліп, қалалық мәслихаттың хатшысы болып уақытша №11 сайлау округінің депутаты Алексей Авдеев, кейін 24 маусымда өткен мәслихаттың екінші сессиясында Тамара Түменбаева Қапшағай қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланды. Мәслихаттың 3 тұрақты комиссиясы құрылып, олардың төрағалары сайланды.Олар:А.Алибаев, В.Федоров, Н.Ефименко.
Уақыт талап еткен өзгерістерге сәйкес 1999 жылдың 10 қазанында ІІ-ші шақырылған Қапшағай қалалық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өткізілді.
Қала бойынша 13 сайлау округі құрылып, сайлау нәтижесінде 13 депутат сайланды. Олар: А.Алибаев, Ю.Гулий, Ш.Еркебаев, Н.Ефименко, В.Иванова, П.Кондрашов, Г.Локастов, М.Лауткин, Д. Ниеталиев, В.Трисеев, З.Тұрғамбаева, Ғ.Үшкемпірова, С.Хомутов.
26 қазанда өткен мәслихаттың бірінші сессиясында қалалық мәслихаттың хатшысы болып кәсіби және өмірлік тәжірибесі мол, өз ісінің маманы Ақбай Алибаев, мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы болып депутат Петр Кондрашов сайланды. Мәслихаттың 2 тұрақты комиссиясы құрылып, олардың төрағалары болып Н.Ефименко және В.Трисеев сайланды.
2003 жылдың 20 қыркүйегінде ІІІ-ші шақырылған Қапшағай қалалық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өткізілді. Осы шақырылымда қала белсенділері: М.Андаржанова, Қ.Ахметтаев, З.Қазбекова, В.Казначеев, Г.Керімбаева, Г.Локастов, В.Манчабаев, А.Метель, Б.Мыңбаев, Б.Оралбаев, С.Сафонов, А.Хивинцев, С.Хомутовтар ел сеніміне ие болды. Мәслихат хатшысы болып №7 сайлау округінің депутаты, білікті басшы Қайрат Ахметтаев, тексеру комиссиясының төрағасы болып Сергей Сафонов сайланып, 3 тұрақты комиссия құрылды. Тұрақты комиссиялардың төрағалары – Г.Локастов, А.Хивинцев, С.Хомутов болды.
2007 жылдың 18 тамызында ІV-ші шақырылған Қапшағай қалалық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының нәтижесі бойынша С. Ақылтаев, М.Андаржанова, Қ.Ахметтаев, З.Қазбекова, В.Казначеев, Г.Керімбаева, Ә.Қожағалиев, А.Құткұжінов, Б.Мыңбаев, Р.Сагитдинов, А.Сансызбаев, А.Хивинцев, С.Хомутовтар депутаттық корпуске енді. Мәслихаттың хатшылығы депутат Қайрат Ахметтаевқа, тексеру комиссиясының төрағалығы депутат Бауыржан Мыңбаевқа жүктелді. Осы шақырылымның алғашқы сессиясы үш тұрақты комиссияның құрамын да бекітті. Комиссия төрағалары З.Казбекова, С.Хомутов, А.Хивинцев болды.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 16 қарашадағы №61/105 Қаулысына сәйкес 2012 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Республикасы V шақырылған мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өткізілді. Сайлау нәтижелері бойынша қалалық мәслихаттың депутаттары болып С.Ақылтаев, Қ.Ахметтаев, Ә.Ербосынова, Е.Есполов, А.Ефименко, В.Казначеев, Ж.Қожемқұлов, С.Нұржанов, С.Нұрқадыров, Р.Сагитдинов, А.Сансызбаев, М.Тәңірбергенов, А.Хивинцев сайланды. Мәслихат хатшылығына депутат Қайрат Ахметтаевтың кандидатурасы бірауыздан қолданды. Құрылған 4 тұрақты комиссиялардың төрағалары болып С.Ақылтаев, Е.Есполов, С.Нұрқадыров, А.Сансызбаев сайлынды.
Бүгінде VI сайланған Қапшағай қалалық мәслихаты депутаттарының орта жасы – 49,0 жасты құрайды. Халық сеніп сайлаған мәслихат, өмірлік тәжірибесі мол, білімді де білікті 13 депутаттан құралған. Олардың барлығы да өздерін сайлаған қарапайым халықты толғандырып отырған әлеуметтік мәселелерді жетік білетін, қаланың тыныс-тіршілігінен шет қалмайтын, оны пайымдай алатын нағыз халық қалаулылары: Б. Әбенов, С.Ақылтаев, Қ.Ахметтаев, С.Даданбеков, Ю.Донская, Ғ.Жылқыбаев, А.Ефименко, Е.Қашағанов, С.Нұржанов, Е.Нұрпейсов, С.Нұрсолтанова, Р.Сагитдинов, М.Темірәлиев сияқты депутаттар. Мәслихат хатшысы Қайрат Ахметтаев. Тұрақты комиссиялар төрғалары: С.Ақылтаев, Б.Әбенов, Р.Сагитдинов, Е.Нұрпейсов.
Түйткілді шаруаларды қоғамдық мүдде тұрғысынан талқылай алатын, ынтымақ-бірлігі жарасқан мәслихат депутаттарының белсенділігінің арқасында жергілікті өкілетті органның жұмысы жоспарланған іс-шаралар аясында жүйелі әрі тыңғылықты түрде жүзеге асырылуда. Мәселен, биылдың өзінде 13 сессия, тұрақты комиссиялардың 14 отырысы өткізілді. Ол отырыстарда 65 сұрақ қаралып, тиісті шешімдер мен ұсыныстар енгізілді.
Халық қалаулылары қайырымдылық шараларынан да шет қалып көрген емес. Олар өз округтері бойынша білім ошақтары мен балалар бақшаларын, аз қамтылған отбасыларын шама-шарқыларынша игі қамқорлықтарына алып жүр.
Мұнымен қоса, депутаттар Елбасының Қазақстан халқына арнайтын жыл сайынғы дәстүрлі Жолдаулары мен бағдарламалық мақалаларының мәні мен маңызын жұртшылыққа түсіндіру әрі насихаттау мақсатында баспасөз бетінде тұрақты түрде сөз сөйлеп отырады.
Халық қалаулысы атану абыройлы міндет. Осы орайда, халықтың адал сеніміне селкеу түсірмей, қоғамда орын алып жатқан мәселердің шешімін тауып, халыққа жақын болу әр азаматтың парызы. Қапшағай қалалық мәслихаттың депутаттары осы тұрғыда өз міндеттерін абыройымен атқарып келеді.