Қонаев қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктері, этикасы, құқықтық тәртіп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауының
№74 ХАТТАМАСЫ
|
Қонаев қаласы |
|
«2» шілде 2026 жыл |
Отырыс төрағасы – Игисенов Иманғали Рақымбердіұлы, қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктері, этикасы, құқықтық тәртіп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
Хатшы – Аметова Мейіргүл Жолдасбайқызы, «Қонаев қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы.
Қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктері, этикасы, құқықтық тәртіп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауына қалалық мәслихаттың депутаттары, қалалық әкімшілік өкілдері, қала ақсақалдары кеңесінің мүшелері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, белсенді қала тұрғындары қатысты.
Күн тәртібі:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Мұстафаға берілді. А.Мұстафа өз сөзінде Қонаев қаласындағы бірқатар көшелердің атауларын ретке келтіру, атаусыз көшелерге атау беру мәселесі бойынша ұсыныстарды таныстырды.
Атап айтқанда, 10 шағын аудандағы Центральная көшесіне Нұрлыбай Абайұлдановтың есімін беру, сондай-ақ «Восточный» шағын ауданындағы атаусыз көшелерге Сырлыөзен, Жайлыкент, Ынтымақ, Саржайлау, Өрлеу, Мұра, Қоңыржел, Бірлік, «Арна» шағын ауданындағы атаусыз көшелерге Өскенөңір және Сәулетті атауларын беру ұсынылғаны баяндалды.
Талқылау барысында көпшілік тыңдауға қатысушылар ұсыныстар бойынша өз пікірлерін білдірді.
Күн тәртібіндегі мәселені талқылау қорытындысы бойынша тұрақты комиссия төрағасы И.Игисенов қатысушыларға ұсынылған мәселелер бойынша шешім қабылдауды ұсынды:
- Сырлыөзен;
- Жайлыкент;
- Ынтымақ;
- Саржайлау;
- Өрлеу;
- Мұра;
- Қоңыржел;
- Бірлік атауларын беру туралы ұсынысты қолдау.
- Өскенөңір;
- Сәулетті атауларын беру туралы ұсынысты қолдау.
Шешім көпшілік тыңдау қатысушылары тарапынан қолдау тапты.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығымен бекітілген әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, осы көпшілік тыңдау хаттамасы белгіленген тәртіппен Қонаев қаласы мәслихатының және әкімдігінің интернет-ресурстарында жариялануға жатады.
Төраға И. Игисенов
Хатшы М. Аметова