2026 жылғы 02 қазанда Петропавл қалалық мәслихатының кезектен тыс 41 сессиясы өтті. Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алып депутаттар сессияны ашты.
Петропавл қалалық мәслихатының кезектен тыс 41 сессиясы күн тәртібі
1. «2026 – 2028 жылдарға арналған Петропавл қаласының бюджетін бекіту туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 1/30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. «2026 – 2030 жылдарға арналған Петропавл қаласының даму жоспарын бекіту туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2026 жылғы 16 ақпандағы № 1/31 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
3. «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының
кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы».
4. «Петропавл қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 шілдедегі № 2/25 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
5. Петропавл қаласы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі қалалық Комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес (бұдан әрі – Сайлау туралы конституциялық заң) Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының мәслихаты комиссияның 21 мүшесі санындағы 13 округтік сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.
Округтік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылар санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 01 қпзаннан бастап 15 қазанғадейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы конституциялық заңның талаптарына сай болуға тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Сайлау туралы конституциялық заң 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болуға тиіс емес.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.
Петропавл қалалық мәслихаты
А.С. Бердағұлов – Петропавл қалалық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23.
Жауапты тұлға –Мира Сәкенқызы Нұрмолдина, каб. № 321, телефоны:46-61-02, 46-43-91. Электрондық пошта мекен-жайы: gormaslihat_23@sqo.gov.kz.
Қалалық мәслихат 13 округтік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлайды:
Округтік сайлау комиссиясы
|
№ |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы |
Сайлау учаскесінің орналасқан жерінің мекен-жайы |
Комиссия мүшелерінің саны |
||
|
Елді мекен |
Көше |
Үй |
|
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1. |
1 |
Гуманитарлық-техникалық колледжі |
Петропавл қаласы |
Театральная |
42 |
1 |
|
2. |
3 |
№ 43 орта мектеп |
Петропавл қаласы |
Новая |
116 |
1 |
|
3. |
4 |
Солтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, олимпиадалық резерв колледжі |
Петропавл қаласы |
Я. Гашек |
4 |
3 |
|
4. |
6 |
«Лорд» дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернаты |
Петропавл қаласы |
Ж. Қизатов |
5 |
2 |
|
5. |
8 |
«Дарын» мектеп-лицейі |
Петропавл қаласы |
Алматы |
4 |
2 |
|
6. |
9 |
№ 27 орта мектеп |
Петропавл қаласы |
Панфилов |
256 |
1 |
|
7. |
10 |
№ 31 орта мектеп |
Петропавл қаласы |
Пугачев |
129 |
1 |
|
8. |
12 |
№ 17 орта мектеп |
Петропавл қаласы |
Егемен Қазахстан |
29 |
2 |
|
9. |
13 |
Қалалық классикалық гимназия |
Петропавл қаласы |
Е. Бөкетов |
35 |
2 |
|
10. |
14 |
Қызмет көрсету колледжі |
Петропавл қаласы |
Интернациональная |
42 |
1 |
|
11. |
15 |
«БЭСТ» гимназиясы |
Петропавл қаласы |
М. Жұмабаев |
97 |
1 |
|
12. |
16 |
№ 17 орта мектеп |
Петропавл қаласы |
Н. Назарбаев |
89 |
2 |
|
13. |
17 |
№ 25 орта мектеп |
Петропавл қаласы |
И. Залм анов |
46/1 |
1 |
Петропавл қалалық мәслихаты
Петропавл қалалық мәслихатының залында 2026 жылғы 2 қазандағы сағат 11.00-де күн тәртібінің келесі мәселесімен қалалық мәслихаттың кезектен тыс 41 сессиясы өтеді:
Күн тәртібінде келесі мәселе қаралды:
«Коммуналдық мүлік объектілерін жекешелендіру тізбесіне енгізу туралы».
Баяндамашы: М.Қ. Шәріпов — «Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» КММ басшысы.
Көпшіліктік тыңдаулардың мәселесі қаралды және жалпы дауыс беру арқылы қабылданды.
2026 жылғы 28 тамызда күн тәртібінің келесі мәселелерімен Петропавл қалалық мәслихатының 40 сессиясы өтті:
Петропавл қалалық мәслихатының залында 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11.00-де күн тәртібінің келесі мәселелерімен қалалық мәслихаттың 40 сессиясы өтеді:
2026 жылғы «15» қыркүйекте сағат 11.00-де Петропавл қалалық мәслихатының мәжіліс залында тұрақты депутаттық комиссияларда келесі мәселе бойынша көпшіліктік тыңдаулар өтеді: «Коммуналдық мүлік объектілерін жекешелендіру тізбесіне енгізу туралы».
Анықтама үшін 46-43-91 телефоны бойынша хабарласуға болады
Мекенжайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23, 319-кабинет.
Петропавл қалалық мәслихаты
2026 жылғы 11 тамызда сағат 11.00-да Петропавл қаласының мектептеріне шығу, 2026 жылғы 12 тамызда сағат 15.00-де Петропавл қалалық мәслихатының әлеуметтік қорғау, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет және жастар дел мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Л. С. Қайыржанованың төрағалығымен комиссия отырысы өтті.
Шақырылғандар: А.Қ. Шаймерденова – Петропавл қаласы әкімінің орынбасары, А.С. Ахмағамбетов – Петропавл қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары, Д.Б. Рақышева – «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ басшысы, А.В. Загороднова — «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ әдіскері.
Күн тәртібінде мәселе қаралды:
2026 жылғы 12 тамызда Петропавл қалалық мәслихатының Бюджет, қаржы, экономика салаларын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес М.Ж. Ысқақовтың төрағалығымен отырысы өтті.
Отырысқа қатысқан депутаттар: С.П. Тимофеев, Р.И. Евдаев, А.Х. Саутов
Шақырылғандар: Қ.Ж. Есендіков «Петропавл қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ басшысының орынбасары, А.Е. Мәкенов — «Петропавл қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ басшысының орынбасары, Т.Е. Ақпаров — «Петропавл қаласы әкімдігінің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ басшысының міндетін атқарушы, В.Г. Лукин — «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет — құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ басшысы.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды: