GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Мәслихат туралы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
17 июля 2026
Павлодар облыстық мәслихатының VIII шақырылымының XXXII кезектен тыс сессиясы

Павлодар облыстық мәслихатының VIII шақырылымының XXXII кезектен тыс сессиясы өтіп, онда депутаттық корпустың құрамын жаңарту және өкілді органның алдағы қызметін ұйымдастыруға қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Сессияны облыстық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Болат Әменұлы Аманжолов жүргізді. Жиын жұмысына Павлодар облысының әкімі Асайын Қуандықұлы Байханов, облыс әкімінің орынбасарлары, қалалық және аудандық мәслихаттардың төрағалары, облыстық мәслихат депутаттары қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы Илья Сергеевич Теренченконың, сондай-ақ депутаттар Николай Васильевич Дычконың, Гүлмира Ғабдұлхамитқызы Нұрханованың, Серік Тельманұлы Сәдуақасовтың және Асылбек Туғанбайдың басқа жауапты қызметтерге ауысуына байланысты депутаттық өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе қозғалды.

Сессия барысында облыс әкімі Асайын Қуандықұлы Байханов олардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі мен жемісті еңбегін атап өтіп, алғыс хаттармен марапаттады.

Облыстық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес VIII шақырылымның жаңа депутаттары тіркеліп, оларға депутаттық куәліктер мен төсбелгілер салтанатты түрде табысталды.

Сонымен қатар облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамына өзгерістер енгізілді. Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның құрамына Ирина Петровна Назарчук енгізілді. Экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның құрамына Сайлау Шаймарданұлы Оразбаев пен Салтанат Қалиасқарқызы Шабажанова сайланды.

Депутаттардың бірауыздан қабылдаған шешімімен Ирина Петровна Назарчук экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып сайланды.

Қабылданған шешімдер облыстық мәслихат жұмысының сабақтастығын қамтамасыз етіп, өңірдің орнықты дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған міндеттерді тиімді іске асыруға мүмкіндік береді.

26 июня 2026
Аппарат қызметкерлеріне жаңартылған Конституцияның ережелері түсіндірілді

Облыстық мәслихат аппаратының басшысы аппарат қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының ережелерін түсіндіру жұмысын өткізді. Кездесу барысында күнделікті қызметтік жұмыста конституциялық нормаларды мүлтіксіз сақтаудың маңыздылығына, сондай-ақ оларды мемлекеттік қызметшілердің қызметінде іс жүзінде қолдану қажеттігіне ерекше назар аударылды.

10 июня 2026
Workshop «Запуск виртуального цифрового консультанта для депутатов маслихатов

10 маусым күні Павлодар қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының III республикалық форумында берген тапсырмаларын іске асыруға арналған іс-шара өтті.

Кездесуге мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығының мүшелері қатысты.

Іс-шараны ашқан Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы Илья Теренченко депутаттық корпустың жұмыс тиімділігін арттыруға және халықпен өзара іс-қимылды дамытуға ықпал ететін заманауи құралдарды енгізудің маңыздылығына тоқталды.

Бағдарламаның негізгі оқиғасы «Мәслихат депутаттарына арналған виртуалды цифрлық кеңесшіні іске қосу» тақырыбындағы workshop болды. Жаңа зияткерлік көмекші азаматтардың өтініштерімен жедел жұмыс істеуге, қажетті ақпаратты іздеуге және шешім қабылдау барысында депутаттарға қолдау көрсетуге арналған.

Жобаның жүзеге асырылуы туралы Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы Қобыланбек Қожин мен жүйенің әзірлеушісі Светлана Олейник баяндады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Павлодар облысы бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы Әсел Ағыбаева мемлекеттік басқару саласында цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндіктері жөнінде сөз сөйледі.

Іс-шараның жеке блогы Павлодар облыстық мәслихаты мен облыстық Ардагерлер кеңесінің өзара іс-қимыл мәселелеріне арналды. Қатысушылар алдағы ынтымақтастықтың перспективалары мен қоғамдық маңызы бар бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Баяндамалармен облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенже Кеңесбаев және «Павлодар өңірлік басқару мектебі» қоғамдық қоры директорының орынбасары Гүлнара Исенова өз пікірлерін білдірді.

Іс-шараның қорытындысында Павлодар облыстық мәслихаты мен облыстық Ардагерлер кеңесі арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжат серіктестікті нығайтуға, қоғамдық диалогты дамытуға және өңір тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді шешу бағытындағы бірлескен жұмысты күшейтуге бағытталған.

04 июня 2026
Облыстық мәслихат депутаты Фуат Сатыбаев азаматтарды қабылдады

2026 жылдың 5 маусымында облыстық мәслихаттың депутаты Фуат Сатыбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында өтініш білдіруші көтерген мәселе қаралды. Өтініш бойынша тиісті түсініктемелер берілді, сондай-ақ депутаттың құзыреті шегінде оны қарау бойынша одан әрі шаралар айқындалды.

04 июня 2026
ҚР Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!

Құрметті жерлестер!

ҚР Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!

Мемлекеттік рәміздеріміз еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің айқын белгісі. Көк Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз халқымыздың бірлігін, тарихын, мәдениетін және жарқын болашағын бейнелейді.

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әр азаматтың қасиетті борышы. Еліміздің мәртебесін асқақтатып, туған жеріміздің дамуы мен гүлденуіне бірге үлес қоса берейік.

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық пен өркендеу тілейміз!

01 июня 2026
Халықаралық балаларды қорғау күнімен!

Құрметті балалар және ата-аналар!

Сіздерді 1 маусым, Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Балалар біздің болашағымыз, еліміздің ең қымбат байлығы. Әрбір бала бақытты балалық шаққа, қамқорлық пен мейірімге лайық. Барша бүлдіршіндерге зор денсаулық, қуаныш, жарқын жетістіктер мен армандарының орындалуын тілеймін.

Әр шаңырақта балалардың шат күлкісі естіліп, отбасыларыңызға амандық, береке мен бақ-дәулет серік болсын!

26 мая 2026
Павлодар облысында мәдениет және өнер саласының үздік өкілдері марапатталды

Кәсіби мерекелеріне орай мәдениет саласының қызметкерлерін облыс әкімі Асайын Байханов құттықтады.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет ұлттың рухани тірегі екенін бірнеше рет атап өтті. Өнер адамдарының, мәдениет қызметкерлерінің, дәстүрді дәріптеушілердің арқасында ұрпақтар сабақтастығы сақталып, мәдени мұрамыз нығайып, қоғамның рухани келбеті қалыптасады. Сіздердің еңбектеріңіз адамдарға шабыт сыйлап, елімізге деген мақтаныш сезімін арттырады, - деп атап өтті өңір басшысы.

Бүгінде облыста мәдениет саласы жүйелі түрде дамып келеді. Өңірде кітапханалар, мәдениет үйлері мен музейлер жаңартылып, театр өнері мен креативті индустрия қарқынды дамуда.

Өңірдің мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Павлодар облыстық суретшілер одағының төрағасы Өсербай Шоранов «Құрмет» орденімен, ал Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің басшысы Ербол Қайыров «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Алибек Дженалинов

26 мая 2026
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады

Президентке өңірдің былтырғы және 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында мәлімет берілді.

Асайын Байханов:

өткен жылдың қорытындысына сәйкес, Павлодар облысында барлық негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалатыны жөнінде баяндады.
 
өңір экономикасына шамамен 1,3 триллион теңге инвестиция тартылып, өсім 47 пайызды құрағанын айтты.

Инвестиция тарту жөнінен облыс республикадағы көшбасшылардың бірі саналады.
 
Былтыр өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,1 триллион теңгеге жетті. Елімізде өндірілетін көмір мен ферроқорытпаның 58 пайызы, электр қуатының 42 пайызы Павлодар облысына тиесілі.
 
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 9,6 пайызға артып, 571,4 миллиард теңгеге жетті. Ылғал үнемдеу технологиясын қолдану бойынша Павлодар облысы өңірлер арасында алдыңғы қатардан көрініп, шаруалар картоп, күнбағыс және қарақұмықты мол жинады.
 
әлеуметтік міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат берді.

Өңірде 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, қалаларда 2 мектеп және ауылдарда 3 мектеп, сондай-ақ 30 денсаулық сақтау нысаны бой көтерді. Биыл тағы 2 мектеп салу және әлеуметтік маңызы бар 5 ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
 
былтыр ауылдардың барлығы таза ауыз суға қол жеткізгенін мәлімдеді.

Өңірдің үш қаласындағы қоғамдық көлік паркі толық жаңартылды.

Жақсы жағдайдағы автокөлік жолдарының үлесі 96 пайызға көбейіп, 621 шақырым автокөлік жолы және ауыл ішіндегі көшелер жөнделді. Биыл өңірдегі перспективті ауылдардың кіреберіс жолдарын асфальттау жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.
 
Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпір салу, әуежайдың ұшу-қону жолағын және «Шахтер» саябағын жаңғырту, трамвай паркін жаңарту, үшінші ГРЭС салу және «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасын жүзеге асыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалуы жайында есеп берді.
 
Президент Екібастұз қаласының әуе қатынасын дамытуға ерекше назар аударып, облыс әкіміне шаһарда жаңа әуежай ашу мәселесін жан-жақты пысықтауды тапсырды.

Бұл жобаны іске асыру өңірдің көлік-транзит әлеуеті мен инвестициялық тартымдылығын арттыра түседі. Сонымен қатар өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамуына тың серпін береді.
 
Мемлекет басшысы инвестиция тарту, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және инженерлік-коммуналдық кешенді жаңғырту жұмыстарын жалғастыру жөнінде міндет жүктеді.

 

t.me/aqorda_resmi

25 мая 2026
Қала мектептерінде соңғы қоңырау соғылды.

Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Илья Теренченко Павлодар қаласындағы №34 мектептің түлектерін мектеп бітірулерімен құттықтады.

2025–2026 оқу жылында мектепті 79 түлек аяқтап отыр. Олардың қатарында «Алтын белгіге» және үздік аттестатқа үміткерлер, қалалық, облыстық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.

Оқушылар пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобаларда және IT бағытында ерекше жетістіктерге жетті. Мектеп түлегі Игорь Мартынюк республикалық олимпиаданың жеңімпазы, NASA Space Apps Challenge финалисі және жеке IT-жобаның негізін қалаушы ретінде өңір намысын халықаралық деңгейде абыроймен қорғап жүр.

Оқушылардың жоғары нәтижелері — педагогтердің жүйелі еңбегінің, шәкірттердің талпынысы мен ата-аналардың қолдауының жемісі.

Түлектерді мектеп бітірулерімен құттықтаймыз! Алға қойған мақсаттарына сенімді қадам басып, биік белестерді бағындырып, туған қаласы мен елінің абыройын асқақтата берулеріне тілектеспіз.

Павлодар облыстық мәслихатының азаматтардың, шағын және орта бизнес өкілдерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы
21 мая 2026
Облыстық мәслихаттың азаматтардың, шағын және орта бизнес өкілдерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы

21 мая текущего года под председательством М.Амангелді состоялось заседание постоянной комиссии областного маслихата по вопросам обеспечения прав и законных интересов граждан, представителей малого и среднего бизнеса.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы