Облыстың саяси партиялары мен өзге де қоғамдық бірлестіктерінің назарына!
Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясының бір мүшесінің шығып кетуіне байланысты облыстық мәслихат оның құрамына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.
Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес облыстық мәслихатқа келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) 5 қосымшаның ұсынымдарына сәйкес белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) ОСК 6 қосымшаның ұсынымдарына сәйкес белгіленген нысан бойынша тиісті мәслихатқа жолданған кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы, орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.
Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден аумақтық сайлау комиссиясының құрамына өз кандидатураларын Павлодар қ., Сәтбаев к-сі, 49 мекенжайы бойынша 2026 жылғы 21 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) ұсынуды сұраймыз. Облыстық мәслихаттың жауапты тұлғасы - Смакова Ботагоз Джамбуловна, «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» ММ-нің бас инспекторы. № 416 кабинет, жұмыс телефоны - 32-98-45. Электрондық пошта: smakova.botagoz@pavlodar.gov.kz
Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Павлодар қ., Қайырбаев к-сі, 32, №118 кабинетте орналасқан.