Жоба
Павлодар облыстық мәслихатының
ШЕШІМІ
(VIII сайланған XXXIII (кезекті) сессия)
№
Павлодар қаласы 2026 жылғы __ тамыз
Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 26 қарашадағы
№ 101/8 «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекеменің Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Көрсетілген шешіммен бекітілген «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Облыстық мәслихат
төрағасының міндетін
атқарушы И. Назарчук
Павлодар облыстық мәслихатының
2026 жылғы __ тамыздағы
№ ___ шешіміне қосымша
|
Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 26 қарашадағы № 101/8 шешімімен бекітілді
|
«Павлодар облысы мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1 тарау. Жалпы ережелер
Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі:
дүйсенбі - жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері, мақсаттары, мәні және өкілеттіктері
1) облыстық мәслихаттың сессиялардағы қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрақты комиссиялар, өзге органдар мен депутаттар арқылы қамтамасыз ету;
2) облыстық мәслихаттың сессияларында жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;
3) депутаттарды нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, облыстық мәслихат қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және олардың орындалуына талдау жүргізу жөніндегі реттеуші функциялармен қамтамасыз ету;
4) облыстық мәслихат депутаттарының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
5) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық мәслихаттың қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастыру-техникалық және басқа да жағдайларды өкілеттіктер шеңберінде қамтамасыз ету;
6) облыстық мәслихаттың ашық отырыстарын "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық мәслихаттың интернет-ресурсында онлайн режимінде трансляциялауды қамтамасыз ету;
7) Облыстық мәслихат депутаттарының депутатттық өкілеттіктерін жүзеге асыруға байланысты біліктілігін арттыру жөнінде ұсыныстар дайындау және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес облыстық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлау.
1) Құқықтары:
1-1) облыстық мәслихат қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан белгіленген тәртіппен ақпарат сұрату;
1-2) облыстық мәслихат сессиясының, тұрақты (уақытша) комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту;
1-3) депутаттардың сауалдары мен депутаттық ұсыныстарды уақтылы қарауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдарға депутаттық сауалдар, ұсыныстар, пікірлер, хабарламалар, шағымдар жіберу;
1-4) қабылданған шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
2) Міндеттері:
2-1) ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеу;
2-2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау;
2-3) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленетін жалпымемлекеттік стандарттарды ұстану;
2-4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
1) мәслихаттың облыстық мәслихат бекіткен Жұмыс жоспарының негізінде, сондай-ақ мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттар топтары мен депутаттар, облыс әкімі енгізетін мәселелер бойынша облыстық мәслихат сессиясын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;
2) облыстық мәслихаттың сессияларында жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді және облыс мәслихатының құзыреті шегінде қабылданған және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;
3) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты жалпыға міндетті маңызы бар мәслихаттың шешімдерін әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және нормативтік құқықтық актілерге заңдық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету;
4) облыстық мәслихат қабылдаған және (немесе) әзірлеушілері болып табылатын не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен олардың құзыретіне жататын ескірген, сыбайлас жемқорлық сипаты бар және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларының нормативтік құқықтық актілеріне қатысты тұрақты құқықтық мониторингті қамтамасыз ету;
5) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындау, іссапар шығыстарын өтеу, депутаттардың депутаттық қызметтін жүзеге асыру үшін қажетті кеңсе керек-жарақтарымен және өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;
6) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық мәслихат сессияларын өткізуді, олардың онлайн-трансляциясын және облыстық мәслихаттың басқа да отырыстарын ұйымдастырушылық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
7) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық мәслихаттың ресми сайтының үздіксіз жұмыс істеуін және уақтылы өзектілендірілуін қамтамасыз ету;
8) облыстық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;
9) әзірлеуші облыстық мәслихат болып табылатын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастыру;
10) облыстық мәслихаттың жұмыс жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді және оны облыстық мәслихат сессиясының қарауына енгізеді;
11) облыстық мәслихаттың Медиа-жоспарын әзірлеуді қамтамасыз ету;
12) тұрақты комиссиялардың отырыстарын, көпшілік тыңдауларын, «дөңгелек үстелдерді», жұмыс сапарларын және т. б. дайындауды жүзеге асыру, тұрақты комиссиялардың мүшелеріне қаралатын мәселелердің мәні бойынша материалдарды талдау, қорыту және уақтылы ұсыну, комиссиялардың қаулыларының жобаларын әзірлеу және комиссия төрағаларымен келісу;
13) облыстық мәслихат сайты, баспа және электрондық БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы тұрақты комиссиялар депутаттары жұмысының ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз ету;
14) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес сайлаушылардың кездесулер мен қабылдауларда айтқан өтініштерінің, ұсыныстардың, проблемалық мәселелердің қорытындылары бойынша депутаттық сауалдар дайындауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ қажет болған жағдайда депутат ұсыныстарының жобасын әзірлеп және оны облыстық бюджеттің жобаларына, облыстың даму жоспарлары мен бағдарламаларына енгізу;
15) сот органдарында облыстық мәслихат мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
16) облыстық мәслихат қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
3 тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Мәслихат аппаратының басшысы:
1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;
2) өз құзыреті шегінде аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) мәслихат аппаратының «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;
10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу жөніндегі және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;
11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) облыстық мәслихаттың сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
3) облыстық мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
4) облыстық мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының, сайлау округтерінің жұмысына қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
5) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
6) мәслихат аппаратының басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
7) сайлаушылардың өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы облыстық мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;
8) облыстық мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
9) Заңның 24-бабына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамашы болған облыстық мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының түпнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
10) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
11) мәслихаттың тұрақты комиссияларының, өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
12) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда облыстық мәслихаттың атынан өкіл болады;
13) облыстық мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі шараларды белгілейді;
14) облыстық мәслихаттың қарауына облыстың тексеру комиссиясының төрағасы қызметіне тағайындауға кандидатураларды, сондай-ақ оларды қызметтен босату туралы ұсыныс енгізеді;
15) егер мәслихат сессиясында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, шешуші дауыс құқығын пайдаланады;
16) облыстық мәслихаттың төрағасы болмаған кезде оның өкілеттігін тұрақты негізде жұмыс істейтін облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы уақытша жүзеге асырады
17) Қазақстан Республикасының Заңында, заңнамасында, мәслихаттың регламенті мен шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
«Павлодар облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату