2025 жылғы 26 қараша күні сағат 10.00-де Павлодар қаласында (Ак. Сәтбаев көшесі, 49, мәжіліс залы) VIII сайланған облыстық мәслихаттың XXV кезекті сессиясы өтеді.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
1.Облыстың сәулет және қала құрылысы басқармасының оларға жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
2.Павлодар облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 175/18 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3.Павлодар облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 13/2 «Павлодар облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы және басқа мәселелер.