2025 жылғы 20 маусым күні сағат 16.00-де Павлодар қаласында (Ак. Сәтбаев көшесі, 49, мәжіліс залы) VIII сайланған облыстық мәслихаттың XXII кезектен тыс сессиясы өтеді.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
1. Павлодар облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 175/18 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Павлодар облысы тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындау туралы.
3.Павлодар облысы Павлодар, Ақсу қалаларының кейбір көшелерін қайта атау туралы және басқа мәселелер.