2024 жылғы 21 қазан күні сағат 11.00-де Павлодар қаласында (Ак. Сәтбаев көшесі, 49, мәжіліс залы) VIII сайланған облыстық мәслихаттың XVI кезекті сессиясы өтеді.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
Облыс денсаулық сақтау басқармасының «Өңірдегі денсаулық сақтаудың жағдайы және оны жақсарту шаралары туралы» есебі.
Павлодар облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі «Павлодар облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын бекіту туралы» № 52/4 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы және басқа мәселелер.