Павлодар облыстық мәслихаты 11 адамнан тұратын облыстық қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.
Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен аспайды.
Жұмыс тобының құрамында азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің 7-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе облыстық мәслихаттың электрондық мекенжайына:
1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.
Ұсыныстарды мына мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз: Павлодар қ., ак. Сәтбаев көшесі 49, 416 каб., Павлодар облыстық мәслихаты (электрондық пошта - Smakova.botagoz@pavlodar.gov.kz) анықтама телефоны 32-98-45.
Павлодар облыстық мәслихаты
|
|
Өтініш Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын. Мен осы өтініш арқылы "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін. Мынадай құжаттарды қоса беремін: 1) ________________________________________________________ 2) ________________________________________________________ 3) ________________________________________________________ 4) ________________________________________________________ 5) ________________________________________________________ 6) ________________________________________________________ 7) ________________________________________________________ 20___ жылғы "____" Өтініш берушінің қолы ___________
|
||||||
|
|