2024 жылғы 8 тамыз күні сағат 18.00-де Павлодар қаласында (Ак. Сәтбаев көшесі, 49, мәжіліс залы) VIII сайланған облыстық мәслихаттың XV кезектен тыс сессиясы өтеді.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
- Павлодар облыстық мәслихатының 2023 жылғы 19 желтоқсандағы «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 91/7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Павлодар облысы бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы және басқа да мәселелер.