2024 жылғы 11 шілде күні сағат 17.00-де Павлодар қаласында (Ак. Сәтбаев көшесі, 49, мәжіліс залы) VIII сайланған облыстық мәслихаттың XIV кезектен тыс сессиясы өтеді.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
- Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы.
- Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 8 қарашадағы «Павлодар облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» № 418/35 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- 2023 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп және басқа да мәселелер.