2024 жылғы 7 маусым күні сағат 11.00-де Павлодар қаласында (Ак. Сәтбаев көшесі, 49, мәжіліс залы) VIII сайланған облыстық мәслихаттың XIII кезектен тыс сессиясы өтеді.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
- Павлодар облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы.
- Павлодар облысы жер комиссиясының құрамын бекіту туралы.
- Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы «Павлодар облысытық қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» № 114/10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы және басқа да мәселелер.