Меню

Страницы

Статья

ХАБАРЛАНДЫРУ

Павлодар облыстық қоғамдық кеңесі шығып қалғандардың орнына екі мүшені сайлау бойынша қосымша конкурс жариялайды.

Конкурс «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  9-бабына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрінің 2021 жылгы 26  ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін 10 жұмыс күні ішінде "қоғамдық кеңестер туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес мынадай құжаттарды қоса бере отырып, ұсыныстар береді:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған,Павлодар облысында тұрақты тұратын азаматы қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы туралы болмауы;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Ұсыныстарды мына мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз: Павлодар қ., Қайырбаев көшесі 32, 125 каб. (электрондық пошта - khelua60@mail.ru ), анықтама телефоны 32-73-76.                                                                                   

Павлодар облыстық қоғамдық кеңесі

 

 

Дата публикации
19 апреля 2024
Дата обновления
19 апреля 2024
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
24 сентября 2026
Объявление
Хабарлама
07 сентября 2026
Хабарландыру
Хабарлама
07 августа 2026
Хабарландыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы