Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Констит«уциялық заң) 10-бабына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты Павлодар облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.
Округтік сайлау комиссияларының құрамы бес мүшеден тұрады.
Округтік сайлау комиссияларының сандық құрамы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының нормасымен айқындалған.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелерi болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
2024 жылғы 16 сәуірден бастап 2024 жылғы 30 сәуірге дейін саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және одан жоғары тұрған құрылатындарға қатысты мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) сайлау комиссияларының мүшелігіне кандидаттар туралы белгіленген нысанда электрондық және қағаз жеткізгіштегі мәліметтер;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларына кандидаттар ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе оларды филиалы (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың белгіленген нысаны бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініш.
Сайлау комиссияларының мүшелігіне кандидаттар туралы ақпарат нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беру туралы өтініштері мәслихаттың сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiктің аумағында тұруға тиiс.
Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Бір сайлау комиссияның құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз жеткізгіште ұсынылатын барлық құжаттар қол қойылған, мөрмен бекітілген және орындалған күні, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгі болуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы туралы ұсыныстар 2024 жылғы 30 сәуірге дейін, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағаты 13:00-ден 14:30-ға дейін, қабылданады.
Павлодар облыстық мәслихаты
Теренченко Илья Сергеевич – председатель Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Павлодар қ., Сәтбаев қ., 49, каб.416
Жауапты тұлға – Кусаинова Альмира Шайхислямовна, облыстық мәслихат аппаратының басшысы, №408, қалааралық телефон коды (87182), қыз.320164, ұялы.87714268284, эл.пошта kusainova.mo@pavlodar.gov.kz.
Павлодар облыстық мәслихаты облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша бір мандатты аумақтық округтер бойынша аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:
|
Павлодар облыстық мәслихаты
Нысан
______________________________________________________
(мәслихаттың толық атауы) төрағасына
____________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
_____________________________________ тұратын:
(облыс, Астана қ, Алматы қ, Шымкент қ,,
____________________________________________________________
аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)
_____________________________________________________
(қызметтік, пәтер, ұялы телефондардың нөмірлері)
Өтініш
Мен,______________________________________________________________ (өтініш берушінің Т.А.Ә.)
________________________________________________________________ ұсынылған (саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы) Қазақстан Республикасының азаматы,
__________________________________________________ жұмысына қатысуға келісімімді беремін
(сайлау комиссиясының атауы)
Сайлау жүйесінде жұмыс тәжірибем бар ___________________________________________
(ия, ___ жыл/ жоқ)
Өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығым жоқ.
Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.
Мен Парламент, мәслихат депутаты, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін.
Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынып тасталмаған сотталғандығымның, iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәніне сауалдар жіберу үшін менің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін.
«____»____________20__ жыл _________________________
(өтініш берушінің қолы)
Өмірбаяндық деректер:
Туған кезі «____» _______________ _____ жыл
Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН)_________________________________________________________
Ұлты* _______________________________
Партиядағы мүшелігі *___________________________________________________________________
Білімі _________________________________________________________________________
Мамандығы ____________________________________________________________________________
Жұмыс орны немесе кәсіп түрі___________________________________________________________
Атқаратын қызметі__________________________________
Жеке куәліктің деректері _____________________________________________________________ (куәлік нөмірі, қашан және кім берген)
Мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметті қоса тіркеймін**.
Ескертпе:
*Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауынша көрсетіледі.
** Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды
Өтінішке қосымша
Жақын туыстары туралы мәліметтер __________________________________________________________________
(Өтініш берушінің Т.А.Ә)
|
р/б |
Жақын туысқандарының (болған кезде) тегі, аты, әкесінің аты |
ескерту |
|
1. |
|
әкесі |
|
2. |
|
анасы |
|
3. |
|
ұлы |
|
4. |
|
қызы |
|
5. |
|
ағасы |
|
6. |
|
әпкесі |
|
7. |
|
атасы |
|
8. |
|
әжесі |
|
9. |
|
немересі |
|
10. |
|
жұбайы (зайыбы) |