2024 жылдың 27 наурызында сағат 12.00-де Павлодар қ. (Ак. Сәтбаев көшесі, 49 мекенжайындағы мәжіліс залы) VIII сайланған облыстық мәслихаттың X кезектен тыс сессиясы өтеді.
Сессия қарауына келесі мәселелер шығарылады:
- Павлодар облыстық мәслихатының 2023 жылғы 19 желтоқсандағы «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 91/7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
- Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 сәуірдегі «Павлодар облысы аумағында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» № 21/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы және басқа сұрақтар.