2023 жылғы 27 маусымда сағат 16.30-де Павлодар қаласында (Академик Сәтпаев көшесі, 49, мәжіліс залы) VIII сайланған облыстық мәслихаттың III кезекті сессиясы өтеді.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
1. 2022 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы.
2.Павлодар облыстық мәслихатының 2022 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 211/19 "2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3.Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 381/34 "Павлодар облысында жерлеу және қабірлерді күту жөніндегі істі ұйымдастыру Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы және басқа да мәселелер.