Облыстың саяси партиялары мен өзге де қоғамдық бірлестіктерінің назарына!
Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесінің шығып кетуіне байланысты облыстық мәслихат оның құрамына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.
Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес облыстық мәслихатқа келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) 5 қосымшаның ұсынымдарына сәйкес белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларына кандидаттар ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін)тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) ОСК 6 қосымшаның ұсынымдарына сәйкес белгіленген нысан бойынша тиісті мәслихатқа жолданған кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері. Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы, орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.
Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден аумақтық сайлау комиссиясының құрамына өз кандидатураларын Павлодар қаласы, Сәтпаев көшесі, 49 мекен-жайы бойынша 2023 жылғы 13 қаңтарға дейін (қоса алғанда) ұсынуды сұраймыз. Облыстық мәслихаттың жауапты тұлғасы - Чудовский Николай Петрович, облыстық мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы. № 416 кабинет, жұмыс телефоны - 320489. Электрондық пошта: org.mo@pavlodar.gov.kz
Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Павлодар қаласы, Сәтпаев көшесі, 49, № 121 кабинетте орналасқан.