Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 912 Жарлығымен бекітілген облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар мен астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімі лауазымына тағайындалуына келісім беру қағидаларының 5,6-тармақтарына сәйкес 2022 жылғы 7 желтоқсан сағат 14:00-де Мәшһүр Жүсіп көшесі, 35/1, Достық үйі мекенжайы бойынша Павлодар облысының аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы өтеді.
Жиналыстың күн тәртібі:
Павлодар облысының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру туралы.
|
Облыстық мәслихат хатшысы |
Е. Айткенов |