2022 жылғы 28 қарашада сағат 10.00-де Павлодар қаласында (Ак. Сәтбаев, 49, мәжіліс залы) VII сайланған облыстық мәслихаттың кезектен тыс XVIII сессиясы өтеді.
Сессияның қарауына мынадай мәселелер енгізіледі:
1. VII сайланған Павлодар облыстық мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
2. Павлодар облыстық мәслихаты депутатының мандатын беру және тіркеу туралы хабарлама.
Хабарлайды: Аманжолова Гульнар Кабиденовна, облыстық сайлау комиссиясының төрайымы.