Павлодар облыстық қоғамдық кеңесі отырысының № 2 ХАТТАМАСЫ

Қатысушылар: облыстық қоғамдық кеңес мүшелері (барлығы)

 

Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Нұрлан Абзалұлы Нәбиев төрағалық етеді.

 

Күн тәртібі:

1. Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы «Павлодар облысының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» № 297/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы;

2. Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 418/35 «Павлодар облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

3. Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 21/3 «Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

4. Павлодар облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2024 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы;

5. 2024 жылы өсімдік шаруашылығын дамытуды субсидиялауға, тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға, пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы;6. 2024 жылға арналған Павлодар облысы бойынша тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы.

 

  1. Нәбиев Н.А. «Ашық НҚА» сайтында облыс жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары, ауыл шаруашылығы басқармаларымен облыс әкімдігі қаулыларының жобалары орналастырылғанын хабарлады:

- Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы «Павлодар облысының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» № 297/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы;

- 2024 жылы өсімдік шаруашылығын дамытуды субсидиялауға, тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға, пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы;

- 2024 жылға арналған Павлодар облысы бойынша тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы.

Қаулы жобалары қоғамдық кеңестің барлық мүшелеріне қарастыру үшін жіберілді. Облыстық қоғамдық кеңес мүшелері облыс әкімдігі қаулыларының жобаларын талқылап, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Облыс әкімдігі қаулыларының жобаларына ескертулер мен ұсыныстар жоқ.
  2. Облыс әкімдігі қаулыларының жобалары қолдау тапсын,

Шешім бірауыздан қабылданды

 

  1. Нәбиев Н.А. «Ашық НҚА» сайтында облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармаларымен облыстық мәслихат шешімдерінің жобалары орналастырылғанын хабарлады

- Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 418/35 «Павлодар облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

- Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 21/3 «Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

- Павлодар облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2024 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы.

Облыстық мәслихаттың «Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 418/35 «Павлодар облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы қайта орналастырылғаны белгіленді. Басқарма Қоғамдық кеңестің мүшелері Г.А. Казылованың, Д.А.Түсіпбекованың, Б.Т.Файзулинаның ескертулеріне жауап берді.  Басқармамен ескертулерді түзетуден кейін НҚА жобасы сайтта қайта орналастырылды.

Облыстық қоғамдық кеңес мүшелері облыстық мәслихаттың шешім жобаларын талқылап, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Облыстық мәслихат шешімдерінің жобаларына ескертулер мен ұсыныстар жоқ.
  2. Облыстық мәслихат шешімдерінің жобалары қолдау тапсын, Шешім бірауыздан қабылданды.

 

Павлодар облыстық қоғамдық

кеңесінің төрағасы                                                          Н.Нәбиев

 

ОҚК хатшысы                                                                   Х.Кашкенова  

Дата публикации
22 февраля 2024