Май аудандық мәслихаты Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушылардың тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізілетінін хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 наурыздағы №112-НҚ бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің 11-тармағына сәйкес, Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырыстарына дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар ретінде үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуға құқылы.
Байқаушы болуға ниет білдірген тұлғалар Үлгілік ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтінішті2025 жылғы 29 шілдеден 04 тамызды қоса алғандақағаз түрінде немесе электронды пошта арқылы жолдай алады.
Өтініштер келесі мекенжай бойынша қабылданады:
Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы,
Абылай хан көшесі, 32, 1-құрылыс,
«Май ауданы мәслихатының аппараты» ММ
Электрондық пошта: mai_maslihat@mail.ru
Анықтама телефондары: 8 (71838) 91-3-51, 91-1-69