Май ауданы Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы

Май аудандық мәслихаты Май ауданы Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының 5 (бес) мүшесін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Жұмыс тобының құрамына:

Мемлекеттік орган өкілдері – жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен аспауы тиіс;

Азаматтық қоғам өкілдері – жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауы тиіс. Олар үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 28 наурыздағы №112-НҚ бұйрығының 8-тармағына сәйкес, конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 29 шілдеден 04 тамызды қоса алғанда) азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Жұмыс тобының құрамына кандидатура ұсыну туралы азаматтың өтініші және/немесе үкіметтік емес ұйымның жазбаша ұсынысы;
  2. Кандидаттың өмірбаянын көрсете отырып, кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
  3. Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;
  4. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылыстары (аурулары), оның ішінде психоактивті заттарды қолданумен байланысты ауруларының бар-жоғы туралы анықтама;
  5. Жеке деректерді жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімі.

Өтініштер келесі мекенжай бойынша қабылданады:

Тікелей келіп тапсыру:Май аудандық мәслихатының аппараты, мекенжайы: Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Абылай хан көшесі, 32, 1-ғимарат

Жұмыс уақыты: 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс: 13:00–14:30)

Байланыс телефондары: 8 (71838) 91-3-51, 91-1-69

Электрондық пошта арқылы:mai_maslihat@mail.ru мекенжайына жолдау.

Қосымша ақпаратты көрсетілген байланыс телефондары арқылы алуға болады.

 

Дата публикации
25 июля 2025