ХАБАРЛАМА Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан шыққан мүшелерінің орнына жаңа мүшелерді сайлау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес, Павлодар облысының Май аудандық мәслихаты келесі сайлау комиссияларында шығып қалғандардың орнына 7 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына жаңа мүшелер сайлауын өткізу туралы хабарлайды № 359, 361, 365, 372, 375, 592, 593.Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатурадан ұсынуға құқылы. Бұл ретте саяси партия сайлау комиссиясының құрамына өзінің мүшесі болып табылмайтын тұлғаны да ұсына алады.Егер саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссияларының құрамын басқа қоғамдық бірлестіктердің немесе жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары негізінде сайлайды.Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған, құрылатындарға қатысты сайлау комиссиялары 2025 жылғы 21 шілде мен 11 тамыз аралығында мәслихатқа келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:

  1. Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер (белгіленген үлгіде, қағаз және электрондық түрде);
  2. Кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), не жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
  3. Саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркеу құжатының көшірмесі;
  4. Кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы мәслихатқа жолданған өтініштері (белгіленген үлгіде).

Қажетті құжаттардың үлгілері мәслихаттың ресми сайтында орналастырылған:

www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-maysk

Кандидаттар «Сайлау туралы» Конституциялық заңда белгіленген талаптарға сай болуы тиіс. Сайлау комиссиясының мүшесі өз комиссиясы құрылған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруы қажет. Бір ұйымнан бір комиссия құрамына мүше болатын адамдардың саны комиссия мүшелерінің жартысынан аспауы тиіс. Бір комиссия құрамына жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар енгізілмейді.

Қағаз түрінде тапсырылатын барлық құжаттарда қол қойылып, мөрмен расталуы, орындаушының тегі, аты-жөні, лауазымы және байланыс нөмірі көрсетілуі тиіс.

Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2025 жылғы 11 тамызға дейін.

Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма күндері, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс – сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

 

Байланыс ақпараты:

«Май ауданы мәслихатының аппараты» ММ

Мекенжайы: Май ауд., Көктөбе а-ы, Абылайхан көш-і, 32, 1-ғимарат

Төраға – Хызыр Мейрамбек

Жауапты тұлға: Ахшалов Максат Бекмұхамбетович

Телефон: (8 718-38) 91-1-69

Ұялы телефон: 8-705-148-76-32

Қабылдау бөлмесінің телефоны: 8-718-38-91-3-51

Электрондық пошта: mai_maslihat@mail.ru

№

 

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы

Сайлау учаскесінің орналасқан жерінің мекенжайы

Комиссия мүшелерінің босаған орын саны

Елді мекен

Көше

Үй

1

2

3

4

5

6

7

Учаскелік сайлау комиссия

1

№ 359

«Бәйтерек» жасөспірімдер клубының ғимараты

Қызыл Октябрь бөлімшесі

Абай

1

1

2

№ 361

ауыл клубының ғимараты

Малайсары

Маметов

1

2

3

№ 365

аудандық мәдениет үйігің ғимараты

Көктөбе

Абылайхан

40

3

4

№ 372

Қаратерек ЖОББМ ғимараты

Қаратерек

Ж.Жабаев

17 құрылым

1

5

№ 375

аудандық Оқушылар үйі ғимараты

Көктөбе

Әйтеке би

12

2

6

№ 592

Көктөбе ОМ ғимараты

Көктөбе

Әйтеке би

47

1

7

№ 593

Е.Мұқашев ат. ОМ ғимараты

Көктөбе

С.Сейфуллин

2/1 құрылым

1

 

Май аудандық мәслихаты

Дата публикации
16 июля 2025