Май аудандық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан Май аудандық Қоғамдық кеңісінің мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс жариялайды
Конкурс Қоғамдық кеңестер туралы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрінің 2021 жылгы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге сәйкес өткізіледі.
Май аудандық қоғамдық кеңесі мүшелерінің сандық құрамы 11 адам белгіленді.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар, оның ішінде өзін-өзі ұсыну жолымен ұсына алады. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері осы хабарландыру жарияланған күннен кейін 10 жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 11 желтоқсаннан бастап 2024 жылдың 25желтоқсанына дейін қоса алғанда) Май аудандық мәслихатына Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Абылайхан көшесі 32, 1 құрылыс, байланыс телефоны: 91776, 09:00 ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) Май аудандық Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатуралар жөніндегі ұсыныстарды қолма-қол береді немесе mai_maslihat@mail.ru электрондық мекенжайға келесі құжаттарды жолдайды:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығыныңболуы не болмауытуралыанықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.
Май аудандық қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптарҚазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Май ауданында тұрақты тұратын азаматы қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Май аудандық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы